top bg pages

Бос жұмыс орындары

  • Қызметкерлер – негізгі құндылық
  • «Біріккен химиялық компания» ЖШС өзінің әлеуетін ашу және өз қызметкерлерінің мансаптық өсуі үшін кең мүмкіндіктер ұсынады. Біздің ұжымымыз – бұл елдің химия өнеркәсібін дамытуды алға жылжыту бойынша компанияның стратегиялық мақсатын іске асыратын кәсіпқойлар командасы.
  • Қызметкерлердің жемісті жұмыс істеуге, дамуға, жаңа нәрселерді үйренуге деген дайындығы мен қабілеті – «Біріккен химиялық компания» ЖШС-нің ұзақ мерзімді жетістігінің кепілі. Сондықтан Компания ұжымның кәсіби деңгейін көтеруге күрделі көңіл бөледі. БХК тәжірибелі кәсіпқойларға және ЖОО түлектеріне өзін-өзі жетілдіру мен жемісті еңбек ету үшін ең жақсы жағдайлар ұсынуға дайын. Біз Қазақстанның жетекші ЖОО-ларымен ынтымақтасамыз, одан басқа мамандарды дайындау үшін Атырау қаласында және Тараз қаласында өндірістік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша халықаралық стандарттар деңгейінде техникалық жабдықталған заманауи оқу орталықтарын құру жоспарлануда.
  • «Біріккен химиялық компания» ЖШС өз мамандарын жоғары бағалайды және әлеуметтік пен кадрлар саясатының мәселелерінде жоғары халықаралық стандарттарды сақтайды. Біз қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге ерекше назар аударамыз.
  • 2019 жылдың 5 қыркүйегінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ SamrukQyzmet Бірыңғай вакансиялар платформасын іске қосты. Сайт Қордың компаниялар тобында вакансияларды іздеу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жұмыспен қамту бойынша сандық алаңша болып саналады.
  • Веб-сайттың ресми мекенжайы Samruk Qyzmet.