top bg pages

Қолданыстағы жобалар

"ХИМ ПЛЮС" ЖШС
project

Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасында глифосат, ойып түсетін өткір сода, үшхлорлы фосфор, сондай-ақ кальций хлорид өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру.

Формуляция кешенінің мақсаты озық технологияларды пайдалана отырып, қазақстандық нарық үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын (гербицидтерді) өндіру және жүзеге асыру болып табылады.

Формуляция кешенінің жобалық қуаты: Жылға 2 919 708 литр құрамында сұйық глифосаты бар гербицид және 1 000 тонна құрамында түйіршіктелген глифосаты бар гербицид.

Формуляция кешені 2019 жылғы қаңтарда пайдалануға берілді.

Жобаның іске асыру орны: Арнаулы экономикалық аймағы «Тараз Химиялық паркі».

Меншіктенушілер құрылымы:

  • «Самұрық-Қазына Өңдеу» ЖШС — 99,93%
  • «Самұрық Қазына Инвест» ЖШС — 0,07%

Толық ақпарат мына сайтта: www.chemplus.kz

KPI ЖШС (полипропилен)
project

Атырау облысындағы алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы (Бірінші фаза – полипропилен өндірісі)

Жобаның мақсаты: Жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт салу.

Өндірістік қуаты: 500 мың тонна полипропилен

Жобаны іске асыру жері: Атырау облысы, «ҰИМТ» АЭА аумағы.

Бастапқы шикізат: пропан

Жұмыс орындарының саны: 500 тұрақты және 4000 уақытша жұмыс орындары

Капиталдағы үлесі: "Samruk-Kazyna Ondeu" ЖШС( 49,5%); "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ (49,5%); Алмекс Плюс (1%)

Ағымдағы жағдай және алдағы жоспарлар: құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның сенімгерлік басқаруына берілді.

Ағымдағы мәртебе:

  • Жалпы прогресс – 87,19%.
  • Жұмыс құжаттамасын әзірлеу мәртебесі – 99,83%.
  • Жабдықтар мен материалдарды жеткізу мәртебесі – 98,52%: Жабдықтар мен материалдарға тапсырыс беру – аяқталды; Құрылыс алаңына – 5 786 бірлік жабдық жеткізілді; зауыттардан жөнелтілді және жолда – 497 бірлік жабдық.
  • ҚМЖ мәртебесі – 59,83%: Барлығы 589 бірлік жабдық монтаждалды.
KUS ЖШС (инженерлік инфрақұрылым)
project

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА (ҰИМТ АЭА)аумағында инфрақұрылым объектілерінің құрылысы 

Жобаның мақсаты:ҰИМТ АЭА қатысушыларын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

Өндірістік қуаты:

  • 310 МВт газтурбиналы электр станциясы (ГТЭС);
  • Су өңдеу және пайдаланған суларды тазарту бойынша қондырғы – 15 мың м3/тәул. (СД);
  • 220 кВ ӘЖ және ҚС;
  • Инженерлік желілер мен коммуникациялар.

Капиталдағы үлесі:

  • «Самұрық-Қазына Өңдеу» ЖШС (99,9%)
  • «Полимер Продакшн» ЖШС – 0,1%

Жобаны іске асыру жері:Атырау облысы, ҰИМТ АЭА аумағы, Қарабатан учаскесі

Бастапқы шикізат: отын газы, шикі су

Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде шамамен 900 адам, пайдалану кезеңінде 300 адам.

Ағымдағы жағдай және алдағы жоспарлар: ГТЭС бойынша құрылыстың қорытындылаушы кезеңі (ілгерілеу – 97%) жүргізілуде, пайдалануға енгізу 2020 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған. СД ЖСҚ-ны әзірлеуді аяқтауда, 0 циклінің жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2021 жылы жоспарланған. 220 кВ ӘЖ және ҚС – объект пайдалануға енгізілген. Инженерлік желілер – жобалау аяқталған, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2021 жылы жоспарланған.

Ағымдағы мәртебе:

Жалпы прогресс – 95,23%.

1. ГТЭС жобасы бойынша:
  • Қазіргі уақытта ГТЭС өз тұтынушыларын жасалған э/э сатып алу-сату шарттары шеңберінде э/э қамтамасыз етеді.
2. СҚБ жобасы бойынша:
  • Инженерлік желілер дәлізі объектісі бойынша, 1-ші кезек (1 жұмыс):
    • ҚМЖ аяқталды. Жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыру кезінде Мердігер жоятын ескертулер анықталды.

  • Сыртқы сумен жабдықтау объектісі бойынша (2 жұмыс):
    • ҚМЖ аяқталды.

  • Су дайындау және ағынды суларды тазарту қондырғысы жобасы бойынша, 1-ші кезек (3 жұмыс):
    • ҚМЖ және технологиялық жабдықтарды монтаждау жүргізілуде.

  • Жобаның негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтарының 100%-ы құрылыс алаңына жеткізілді; 38%-ы құрастырылды.
«SSAP» ЖШС
project

Жобаның мақсаты: Ақмола облысындағы күкірт қышқылы зауытын қайта құру

Өндірістік қуаты: жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы

Жобаны пайдалануға енгізу: 2015 ж.

Өндіріс үшін негізгі шикізат: «Теңізшевройл» ЖШС-мен жеткізілетін түйіршіктелген күкірт

Өнімнің негізгі тұтынушылары: Қазақстан Республикасының уран өндіруші кәсіпорындары.

Тұрақты жұмыс орындарының саны: 230 адам

Меншіктенушілер құрылымы: 

  • «Самұрық-Қазына Өңдеу» ЖШС — 90,11%
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ — 9,89%

Жоба Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға, сондай-ақ облыстың индустрияландыру картасына кіреді.

Зауыт толығымен автоматтандырылған, заманауи жабдықтармен жабдықталған және экологиялы тұрғыда қауіпсіз (барлық операциялар жабық режимде жүреді).

Толық ақпарат мына сайтта: www.ssap.kz