top bg pages

Даму стратегиясы

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-нің (SKO) 2023-2032 жылдарға арналған даму стратегиясы SKO Жалғыз қатысушысы - «Самұрық-Қазына» АҚ даму стратегиясына сәйкес 2022 жылғы 28 қазандағы SKO Байқау кеңесінің шешімімен бекітілген.

Миссиясы: Химиялық жобаларға ұтымды және тиімді инвестиция салу арқылы ҚР-да химия саласын дамыту, сондай-ақ озық құзыреттерді қалыптастыру.

Көзқарасы: қосылған құны жоғары химиялық өнімді шығару бойынша Орталық Азия нарығындағы жетекші өндірістік холдинг.

Стратегияның фокусы бүкіл SKO бизнесіне әсер ететін үш басымдыққа бағытталады:

  1. Операциялық тиімділік;
  2. Өндірісті әртараптандыру;
  3. Тұрақты даму.

Жаңа даму стратегиясы дамудың мынадай негізгі бағыттары бойынша шағын тонналық және орташа тонналық химия өнімдерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға бағытталған:

  1. АГРОХИМИЯ – азот және фосфат тыңайтқыштарына импортқа тәуелділікті төмендетуге, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді;
  2. МҰНАЙ-ХИМИЯ – химия саласын дамытуды ынталандыру және одан әрі бөлу үшін елді қажетті базалық химиялық өнімдермен қамтамасыз етеді, импортқа тәуелділікті төмендетеді, қосымша жұмыс орындарын құрады;
  3. 3АРНАЙЫ ХИМИЯ – жоғары бөліністегі химия өнімдерін өндіруді дамытуды қамтамасыз етеді, импортқа тәуелділікті төмендетеді, қосымша жұмыс орындарын құрады;

Осы бағыттарды іске асыру үшін біз мыналарға назар аударамыз:

  • Серіктестікті дамыту. Біз іскер серіктестермен сенімді қарым-қатынас орнату мәселесінде адалдық пен ашықтықты көтермелейміз және ілгерілетеміз,ШОБ өкілдерімен, кәсіподақтармен, қауымдастықтармен және қоғамдық бірлестіктермен, министрліктермен, комитеттермен, бизнес өкілдерімен, өңдеуші кәсіпорындармен, шикізат пен технологияларды жеткізушілермен және т. б. қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, барлық негізгі стейкхолдерлермен ашық диалог құруға дайын екендігімізді мәлімдейміз.
  • Адами капиталды дамыту. SKO компаниялар тобындағы басты құндылық адамдар болып табылады, сондықтан біз жаңа құзыреттілікті дамытуға инвестициялауды, білім мен тәжірибені тиімді беру, топтың одан әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында талантты кадрларды тарту және ұстап тұру бойынша әртүрлі тетіктерді енгізуді жалғастырамыз.
  • ESG-трансформациясы. SKO әлеуметтік, экономикалық және экологиялық саланы қоса алғанда, қоғамның дамуына ерікті үлесін жүзеге асыратын, сондай-ақ басқарудың жоғары корпоративтік стандарттарын ұстанатын және SKO Компаниялар тобына ESG қағидаттарын енгізетін болады.
  • ҒЗТКЖ дамыту. Саланың орнықты өсуінің негізгі факторларының бірі ҒЗТКЖ-ға инновациялар мен инвестициялар болып табылады. Осы мақсатта біз химия саласында бірлескен зерттеулер жүргізу үшін ғылыми-зерттеу қоғамдастығымен, қазақстандық ЖОО-лармен тиімді қарым-қатынас орнататын боламыз.

Даму стратегиясын әзірлеу және басым бағыттарды таңдау химия саласын ғаламдық талдауға негізделген, осы аналитиканың негізгі тұжырымдарын мына жерден көре аласыз (пдф файлын жүктеу)