USD 399.51 | RUB 5.78 | CNY 56.1 | EUR 447.33
СЯМЫНЬ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН  22-ШІ БҮКІЛҚЫТАЙЛЫҚ ХЛОР-СІЛТІЛІК ФОРУМЫНЫҢ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

СЯМЫНЬ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН 22-ШІ БҮКІЛҚЫТАЙЛЫҚ ХЛОР-СІЛТІЛІК ФОРУМЫНЫҢ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

20 маусым 2019 жыл, Қытай хлор қауымдастығы мен Далян тауар биржасы, сондай-ақ Fujian Longyan Longhua Chemical Co., Ltd., Fujian Yuchang Chemical Co., Ltd., Fujian Fu Chemicals Co., Ltd., Xiamen Xiangyu Chemical Co., Ltd.  ірі өндірушілердің қолдауымен Сямынь қаласында 22-ші Бүкілқытайлық хлор-сілтілік форумы өтті. Екі күнге созылған конференция Қытай өнеркәсібінің хлор-сілтілі және аралас салаларында жұмыс істейтін 160-тан астам компаниялардан 360 делегат жинады.

Қытай хлор қауымдастығының Вице-төрағасы және Бас хатшысы Мистер Чжан Вэньлей өз сөзінде қажымас еңбектің арқасында Хлор-сілтілік форум 16 жылдан кейін ірі салалық алаңға айналғанын және де онда өндірушілер, қаржы органдары, ғылыми институттар өз мәселелерін шешу жолдарын тауып, саланың тұрақты дамуына серпін беретінін атап өтті.

Форум барысында қазақстандық химиялық жобаларды таныстыруға, атап айтқанда, «ХИМ-Плюс» ЖШС басшылығына құттықтау сөз сөйлеуге мүмкіндік берілді, онда қытайлықтарға «Каустикалық сода мен хлор өндірісі» жобасы ұсынылды, оның қорытындысы бойынша бірқатар ірі қытайлық өндірушілермен В2В кездесулері өткізілді.

Бүгінгі күні «ХИМ-Плюс» ЖШС жобаларын одан әрі бірлесіп іске асыру үшін ниеті бар бірнеше өндірушілермен байланыс орнатылды.

Close Menu