«Самрұқ-Қазына» АҚ жастарының «JasSamuryq» форумы

«Самрұқ-Қазына» АҚ жастарының «JasSamuryq» форумы

2019 жылдың 26 ​​қарашасында Жастар жылының Жоспарын іске асыру аясында Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниялар тобының жастар активінің қатысуымен «JasSamuryq» форумын өткізді. Форум барысында Жастар жылының қорытындысы шығарылды, шақырылған спикерлердің сөздері тыңдалды, Қордың басқарушы директорларының қатысуымен панельдік сессиялар, Primegames зияткерлік ойындар өткізілді. Бұл іс-шара белсенді жастардың бастамаларын қолдауға және жас мамандардың кәсіби дамуына жәрдем беруге бағытталған.

«Біріккен химиялық компания» ЖШС-нің атынан 7 қатысушы жіберілген болатын: Абылай Стамғазиев, Ян Морозов («Полимер Продакшн» ЖШС), Гүлдана Упабекова, Дмитрий Зелюк («Қазатомөнеркәсіп» СКК БК» ЖШС), Махаббат Искакова, Айдана Жанбаева, Сұлтан Нуртазин («БХК» ЖШС).

Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейдегі ұйымдастырущылығын және көріністігін атап өтті. Primegames зияткерлік ойынының қорытындысы бойынша БХК Инженерлік сүйемелдеу департаментінің инженері Айдана Жанбаева команда құрамында турнирде 2-ші орын алды, «Полимер Продакшн» ЖШС-нің Техникалық қаматамасыз ету қызметінің электроншы-инженер Абылай Стамгазиев команда құрамында 3-ші орын алды.

Форумды өткізу бойынша ақпаратпен төмендегі сілтемеден таныса аласыз: https://sknews.kz/news/view/300-spartancev-jas-samuryq.-kak-proshel-molodeghnyy-slet.