«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Қор тобы компанияларының көпшілігінің 2019 жылдағы олардың есеп берулерінің қорытындылары бойынша жұмысына оң баға берді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Қор тобы компанияларының көпшілігінің 2019 жылдағы олардың есеп берулерінің қорытындылары бойынша жұмысына оң баға берді.

2019 жылғы жедел мәліметтер бойынша 922 млрд теңге мөлшерінде операциялық пайда (NOPLAT) алынды, бұл жоспарлық көрсеткіштен 20,5%-ға немесе 157 млрд теңгеге артық. Таза кіріс 1 256 млрд. теңгені құрады, бұл жоспардан 38%-ға артық.

 «Самұрық-Қазына» АҚ тобының 2017 жылдан бергі қарыздық жүктемесі бүгінгі күнге қарай 1 трлн. теңгеге азайды, сыртқы қарыз 5,1 млрд. АҚШ долларына азайды. Акционер-үкіметке дивидендтер 190 млрд. теңгені құрады немесе 2 есе көбейді.

 «Бұл нәтижелер – Елбасымен 2018 жылдың сәуірінде бекітілген Қордың жаңа стратегиясының орындалуы», – деді Ахметжан Есімов.

2019 жылдың қорытындылары бойынша Қордың компаниялар тобынан бюджетке түсімдер шамамен 1,2 трлн. теңгені немесе елдің шоғырландырылма бюджетіне барлық түсімдердің 10%-ын құрайды.

Ашық тендер әдістері үлесінің ұлғаюымен сатып алулардың жаңа моделіне ауысу және баға ұсыныстарын сұрату есеп беру кезеңінде 155 млрд. теңге мөлшерінде үнемдеуге мүмкіндік туғызды.

Отырыстың қорытындысы бойынша қоржындық компаниялардың тиімділігін арттыру тұрғысында 2020 жылға арналған негізгі міндеттер анықталды.

 «Біріккен химиялық компания» ЖШС 2009 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 28 қарашадағы шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы кеңейтілген отырысында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «химия саласындағы жобалармен айналысатын арнайы компанияны құру» бойынша тапсырмасын орындау үшін құрылған.

Жалғыз қатысушы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ болып табылады.