Ринат Акбердин «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

Ринат Акбердин «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

 «Біріккен химиялық компания» ЖШС Бақылау кеңесінің шешімімен Ринат Акбердин «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ринат Олегович Акбердин 1979 жылдың 17 сәуірінде Ақтөбе қаласында дүниеге келді. 2000 жылы «экономика» мамандығы бойынша Оренбург мемлекеттік университетін, ал 2018 жылы – Еуропалық университетте (Швейцария, Женева) халықаралық бизнес бойынша магистратураны бітірді.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке құрылымдарда бастады, 2005 жылдан бастап – мемлекеттік қызметте. Келесі лауазымдарда болды: мұнай-газ құбырын жүргізетін көлікте реттеу бөлімінің бастығы, сонымен қатар ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының көмекшісі; ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының кеңесшісі; Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары; Павлодар қаласы әкімінің аппарат басшысы.

Әр жылдары «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры – басқарма мүшесі; «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның басқарушы директоры – басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары; «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарушы директоры; «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма Төрағасының орынбасары, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның даму және сату жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі лауазымдарында жұмыс істеді.

 «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалғанға дейін Ринат Акбердин «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы лауазымында болды.