USD 443.5 | RUB 5.79 | CNY 62.51 | EUR 479.47
ҚОӘБ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУДЫҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ  (қоршаған ортаға әсерін бағалау)

ҚОӘБ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУДЫҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ (қоршаған ортаға әсерін бағалау)

«Біріккен химиялық компания» ЖШС Norinco Group-пен бірлесіп «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында «Аммиак және карбамид өндіру бойынша химиялық кешен құрылысы» инвестициялық жобасын (бұдан әрі-жоба) іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 20-бабының 4-тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың 25 қазанында Шу ауданы Төле Би кентінде Шу ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ә. Балқыбековтың төрағалық етуімен Шу ауданы әкімі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. «Аммиак және карбамид өндіру бойынша химиялық кешен құрылысы» ТЭН жобасының қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау (ҚОӘБ алдын ала) бойынша қоғамдық тыңдау ашық жиналыс түрінде өткізілді.

Қатысушылар қатарында Жамбыл облысының, Шу ауданының жергілікті атқарушы органдарының басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, Шу ауданының Қоғамдық кеңесінің өкілдері, БАҚ және мүдделі қоғам өкілдері болды.

Бірінші болып «БХК» ЖШС Басқарушы директоры Ә.Ә. Кұлдүйсенов сөз сөйледі, ол жергілікті жұртшылыққа тапсырыс беруші туралы толық түсінік берді, қатысушыларды жобаның негізгі мақсаттары және индикаторларымен таныстырды. Сонымен қатар, аймақ үшін жобаның әлеуетті әлеуметтік-экономикалық пайдасы атап өтілді және тиісті маркетингтік зерттеулерге ақпарат берілді.

«БХК» ЖШС өкілі А. Х. Молдағұлов аммиак пен карбамид өндірісінің негізгі технологиялық сызбаларын, химиялық кешеннің негізгі шикізат ресурстарына қажеттілігін, сондай-ақ өндіріс қалдықтарының пайда болу көлемін көрсете отырып, қабылданған жобалық шешімдерге нақты тоқталды.

Жиын соңында қоғамдық тыңдаудың төрағасы, Шу ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ә.Ә.Балқыбеков сөз сөйледі, ол Шу ауданы мен Жамбыл облысының экономикасы үшін өсу нүктесі ретінде жобаны табысты іске асырудың жоғары маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ  ұйымдастырылған кездесу мен қойылған міндеттерді орындауда табыс тілегені үшүшін аудан тұрғындары атынан алғыс білдірді.

Жалпы көпшілікпен талқылау қатысушылардың қызығушылығын тудырып, конструктивті диалог түрінде өтті.

Қоғамдық пікірді ескере отырып, тыңдаудың қорытындысы бойынша келесі шешім қабылдау ұсынылды: «Аммиак және карбамид өндіру бойынша химиялық кешен құрылысы» ТЭН жобасына қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау жобасын мақұлдау.

«БХК» ЖШС жергілікті жұртшылық өкілдеріне, жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына, «Химпарк Тараз АЭА» АҚ және «Химпарк Тараз» ЖШС әріптестеріне белсенді қолдау көрсеткені үшін өз алғысын білдіреді.

Close Menu