Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Заң экономикаға инвестициялар тартуға және жоғары қосылған құны және айтарлықтай мультипликативті нәтижесі бар мұнайгазхимиялық өндірісті дамытуға бағытталған.

2019 жылы «Біріккен химиялық компания» ЖШС «Өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор» анықтамасына қатысты «Газ және газбен жабдықтау туралы» заң жобасына өзгерістер енгізу бойынша бірқатар ұсыныстарға бастамашылық етті, ол үшін мұнайгазхимия өнімдерін өндіру бойынша жобаларды іске асыру үшін табиғи газға баға белгілеудің жеке тәртібі қарастырылған.

2019 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

 «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылдың 11 қаңтарында жарияланған.