USD 412.55 | RUB 5.79 | CNY 58.8 | EUR 468.66
«КАРБАМИД ӨНДІРІСІ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ОРНЫН ТАҢДАУ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«КАРБАМИД ӨНДІРІСІ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ОРНЫН ТАҢДАУ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2019 жылғы 22 тамызда «Біріккен химиялық компания» ЖШС  «North Huajin Chemical Industries Group» және «Norinco International Cooperation Ltd.» компанияларының қытай серіктестерімен бірлесіп,  «Карбамид өндірісі»  жобасы бойынша Басқарушы комитеттің 1-ші отырысын өткізу аясында Қазақстан Республикасында жобаны іске асыру орнын бір ауыздан анықтады.

Жоба жетекшісі Қытай тарапынан Ли Чен мырза жобаны іске асыру алаңын таңдау бөлігінде «Chengda Engineering & Design Institute» жобасының ТЭН-ін әзірлеушінің атқарған жұмысы туралы Басқарушы комитеттің төрағасы мен тең төрағасын хабардар етті.

Ли Чен мырзаның баяндамасын тыңдау қорытындысы бойынша басқарушы комитет мүшелерінің бірауыздан шешімімен жобаны іске асыру орны «Тараз химиялық паркі» АЭА болып белгіленді.

Close Menu