«JasSamuryq» жастар штабының жиыны

«JasSamuryq» жастар штабының жиыны

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының шеңберінде корпоративтік еріктіліктің даму процестерін жүйелендіру және осы жұмысқа Қордың ҚК және ЕТҰ белсенді жастарын тарту мақсатында Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығымен 2020 жылдың 26-30 қаңтар аралығында Алматы облысында «ArmanDala» сауықтыру кешенінің рекреациялық бағдарлама алаңында Жастар штабының бес күндік жиыны өткізілген болатын. Бұл іс-шарада «Біріккен химиялық компания» ЖШС атынан Персоналды, әкімшілік-шаруашылық қызметті және ақпараттық технологияларды басқару жөніндегі департаменттің менеджері Искакова Махаббат қатысты. Кездесу барысында Қордың компаниялар тобында еріктілікті дамыту бойынша бірыңғай амалдарды жасау үшін жастар үйлестіру штабының отырысы; «Корпоративтік еріктіліктің халықаралық тәжірибесін зерделеу» тақырыбына панельдік сессия өткізілген; Ресей Федерациясының бірқатар ірі компанияларында корпоративтік еріктілікті енгізу және дамыту бойынша мысалдар; «Тиімді коммуникациялар», «Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» тақырыбына тренингтер келтірілген. Осы іс-шараны жалғастыру үшін 2020 жылдың 8 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында «JasSamuryq» жастар штабының белсенділерімен халықтың әлеуметтік осал топтарына: мүгедектерге, зейнеткерлерге, жалғыз басты қарт адамдарға қарды тазарту бойынша акция ұйымдастырылды, бұл «JasSamuryq» жастар штабының үлкен бірігуіне және корпоративтік еріктіліктің дамуына қызмет етті.