Біздің компаниямыздың басты активі – адамдар

Біздің компаниямыздың басты активі – адамдар

Біздің компаниямыздың басты активі – адамдар, ал біздің мамандар үнемі даму мен жетілдіру процесінде болған кезде осы активтің құндылығы артады.

Біз жобалар портфелі жөніндегі Басқарушы директор – Басқарма мүшесі Максим Сонин Рroject Management Institute – Portfolio Management Professional (PfMP) жобаларын басқару саласындағы жетекші әлемдік ұйымнан ресми халықаралық сертификатын алғанын мақтанышпен хабарлаймыз.

Осы сертификатты алып, Максим Сонин жобалар портфелін басқарудағы тәжірибесі, білімі мен тиімділігі үшін дүниежүзілік мойындауға ие болды және:

  • Қазақстандағы алғашқы сертификатталған PfMP маманы;
  • Ресейдегі PfMP сертификатталған төрт маманның бірі;
  • Әлемдегі PfMP сертификатталған 800-ге жуық маманның бірі (салыстырмалы түрде PMP шамамен 1 миллион адамда бар).