«Біріккен химиялық компания» ЖШС мен әзербайжандық SOCAR компаниясының өзара тиімді іскерлік байланыстарын орнату

«Біріккен химиялық компания» ЖШС мен әзербайжандық SOCAR компаниясының өзара тиімді іскерлік байланыстарын орнату

2019 жылдың 12 желтоқсанында «Біріккен химиялық компания» ЖШС өкілдері «Huajin Group» қытайлық серіктестермен бірлесіп, «SOCAR» Компаниясымен ұзақ мерзімді және өзара тиімді іскерлік байланыстарды орнату мен дамыту мақсатында Баку қаласына барды.

«SOCAR» Компаниясы 1992 жылдан бері жұмыс істейді және мұнай саласындағы өндірісті, кәсіпорындарды және ғылыми-зерттеу ұйымдарын біртұтас құрылымға біріктіретін Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы болып табылады. Қазіргі таңда «SOCAR» компаниясы Әзербайжан аумағында әлемнің 9 елінде қызмет атқаратын 14-тен астам кәсіпорына бар, «SOCAR Carbamide» карбамидін «SOCAR Polymer» полимер өнімін және «SOCAR Methanol» метанолын өндіру бойынша зауыттарға ие.

Өткен кездесу шеңберінде «SOCAR» Әзербайжанда мұнай-химиялық және химиялық жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ тараптар жобалық стратегия мәселелерін, жаңа жобаларды іске асыру жоспарларын, соның ішінде «SOCAR» компаниясы өндірген карбамидті сатып-өткізу және оны Қытай нарығына тасымалдау тараптарын талқылады. «SOCAR» компаниясының полимер өнімін Қазақстан Республикасында сатып-өткізу мүмкіндіктері мен сатып-өткізу шарттары сөз етілді.

SOCAR Polymer және SOCAR Carbamide зауыттарында болу шеңберінде (HTAS және Stamicarbon лицензиарларының қатысуымен) қазақстандық және қытайлық делегациялар өкілдері қолданыстағы өндіріспен, зауыттардың қондырғыларымен және қуаттарымен танысты. Сондай-ақ әзербайжан жағы карбамид жобасын іске асыру және зауытты пайдалану мезгіліндегі іс-тәжірибесін тапсырды.

SOCAR Marketing кеңсесінде «SOCAR Methanol» өндірісінің, қондырғылары мен қуаттарының тұсаукесері жүзеге асырылды, «SOCAR Polymer» зауытынан Қазақстанның Атырау қаласындағы «Polymer Production» ЖШС кәсіпорнына логистика бағалары мен мүмкіндіктері ойластырылды.

Кездесу нәтижелерін қорытындылай келе, «SOCAR» Компаниясы карбамидті Қазақстанда өндіруді қарастыратын жобаға кіру жөнінде өзінің қызығушылығы туралы мәлімдеді.