USD 399.51 | RUB 5.78 | CNY 56.1 | EUR 447.33
ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ІСКЕРЛІК КЕҢЕСІНІҢ VI ОТЫРЫСЫ АЯСЫНДА КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЮ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ІСКЕРЛІК КЕҢЕСІНІҢ VI ОТЫРЫСЫ АЯСЫНДА КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЮ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2019 жылғы 11 қыркүйекте «Біріккен химиялық компания» ЖШС және «Тараз химиялық паркі «АЭА БК» АҚ бас компаниясы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің (бұдан әрі-ҚҚІК) 6 – шы отырысына қатысты. Іс-шараны «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚХР халықаралық саудасына жәрдемдесу комитеті ұйымдастырды.

ҚҚІК  жұмысына Қазақстан Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев, Қазақстанның және ҚХР ірі компанияларының басшылары қатысты және екі ел арасындағы келісімдер пакетіне қол қойылды.

ҚҚІК алдына үлкен міндеттер қойылды. Осы уақыт ішінде Іскерлік кеңес өзінің тиімділігін дәлелдеп, диалогтық және бизнес-алаң ретінде өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай инвестициялық қоржынында бірқатар жобалар бар, оның ішінде «Біріккен химиялық компания» ЖШС (бұдан әрі — БХК) және «North Huajin Chemical Industry Group Corporation» (бұдан әрі — Жоба) «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында карбамид өндіру бойынша іске асырылып жатқан жобалар.

Карбамид өндіру жөніндегі жобаның маңыздылығын ескере отырып, БХК, «ҚазТрансГаз» АҚ және «North Huajin Chemical Industry Group Corporation» арасында «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында жоба үшін табиғи газды үздіксіз жеткізуге кепілдік беретін үш жақты келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ ҚҚІК аясында БХК мен «Ronghua Group» қытай компаниясы арасында «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында «каустикалық сода» жобасы бойынша Меморандумға қол қойылды. Осы Келісім шеңберінде жобаның бизнес-жоспарын бірлесіп әзірлеу, БХК мен Ronghua Group-тың жобаға қатысу үлесі жоспарлануда және т. б.

Close Menu