Алғыс айту күні қазақстандықтар бір-біріне ерекше құрмет көрсетеді

Алғыс айту күні қазақстандықтар бір-біріне ерекше құрмет көрсетеді

Жыл сайын 1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Осы мереке қарсаңында “Samruk-Kazyna Trust” Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры “Самұрық-Қазына” АҚ компаниялар тобының атынан қор жүзеге асыратын әлеуметтік жобалар туралы әңгімелейтін әлеуметтік роликті ұсынады. Роликтің сюжетінде – түрлі ұрпақтың тағдыры. Ол адамның өмірі – күнделікті кедергілермен күрес, өзін жеңу, жаңа мүмкіндіктерді іздеу. Және біздің компаниялар тобының қолдауы арқасында олардың өмірі қалай өзгергені туралы көрініс.