Ай тұлғасы: Дана Үмбеталиева

Ай тұлғасы: Дана Үмбеталиева

Дәйексөз: «Өзіңізді  жоғары тартатын адамдармен қоршаңыз».

Кез келген компанияның корпоративтік хатшысы – бұл заңгер, экономист, тәуекелші, аудитор, психолог, медиатор, экстрасенс және саперді біріктіре алатын адам. Біздің корпоративтік хатшы ерекшелік емес.

Дана Үмбеталиева өзінің еңбек жолын «Біріккен химиялық компания» ЖШС-де 11 жыл бұрын Құқықтық департаменттің бас менеджері қызметінен бастады, 2014 жылы Компанияның корпоративтік хатшысы лауазымына сайланды.

Сертификатталған Корпоративтік хатшы бола отырып, компанияның Байқау кеңесі тарапынан корпоративтік шешімдерді уақтылы және сапалы қабылдауға жәрдемдесу жөніндегі мәселелерге жетекшілік етеді, Компания мен Жалғыз қатысушы – «Самұрық-Қазына» АҚ арасындағы жетекші болып табылады, Байқау кеңесінің мүшелері үшін олардың қызметінің барлық мәселелері бойынша кеңесші рөлін атқарады, сондай-ақ Корпоративтік басқару Кодексінің іске асырылуына мониторингті және Компанияның Корпоративтік басқаруын жетілдіруге қатысуды жүзеге асырады.

Өзінің кәсіби қызметінде берілген Компанияның ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге белсенді қатысты, маңызды құжаттарды Қордың құрылымдық бөлімшелерімен келісумен айналысты. Дана сондай – ақ сертификатталған медиатор болып табылады, «Самұрық – Қазына» АҚ басшылығы атынан және Компания басшылығы атынан мақтау қағаздары бар, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» Мемлекеттік мерекелік медалімен марапатталды.

Дана жұбайымен бірге үш керемет баланы тәрбиелейді. Оның сүйікті хоббиі – бағалы қағаздар саудасы, оқу, велосипед тебу, интерьер дизайнымен белсенді айналысады.