Ай тұлғасы: Айдын Байғожанов

Ай тұлғасы: Айдын Байғожанов

Дәйексөз: «Бақыт – бұл мақсат емес, процесс».

Жаңа жобаларды іске асыруды бастамас бұрын, біздің компанияда маркетингтік талдау, нарықты, бәсекелестерді зерттеу өткізіледі және содан кейін жобаға үкім шығарылады – оның болашағы бар ма әлде жоқ па. Нақты осы мәселелермен міне 4 жылдан бері Айдын Байғожанов – инвестициялық жобалардың маркетингтік тартымдылығын бағалау және талдау жөніндегі бас маман айналысады.

Айдын экономиканың сауда, қызмет көрсету, құрылыс, өнеркәсіп сияқты әртүрлі салаларында үлкен жұмыс тәжірибесіне ие. Әр жылдары ол инвестициялық жобаларды әзірлеу және консалтингтік компанияда мемлекеттік және жекеменшік компаниялар үшін маркетингтік зерттеулерді жүргізу бойынша жұмыстар жасады. Ол 100-ден астам жобалық құжаттарды әзірлеуге және бизнес пен мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларында, соның ішінде БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің халықаралық бағдарламалары бойынша маркетингтік зерттеулерге тікелей қатысты.

Қазіргі уақытта Компанияда нарықтардың жағдайы мен дамуына және химия өнеркәсібі саласындағы негізгі беталыстарға талдау жасайды, инвестициялық жобалардың маркетингтік сараптамасымен, жобаларды іске асыру және өнімді ілгерілету бойынша ұсынымдарды әзірлеумен айналысады.

Айдын өз жұмысын кәсіпқойлықпен орындайды, ол да түсінікті, өйткені Мемлекеттік басқару университетінің (Мәскеу қ.) РИМА-В «Стратегиялық маркетинг» Ресейлік-голландтық бағдарламасының әдістемесі бойынша жоғары білімге ие.

Айдын жарымен бірге 5 бала тәрбиелеп отыр. Балаларымен уақытты көңілді өткізеді, мультфильмдер көруді ұнатады. Сүйікті кейіпкері – Винни Пу (Леоновтың орындауында).

Футболдың әсіре жанкүйері, ағылшын футболының әуесқойы, 2018 жылы Киевте және 2019 жылы Мадридте өткен Чемпиондар лигасының финалына жеке қатысқан.

«Мен өз өмірімде сәнді, беделді немесе орынды болатынды емес, өзім не сүйетін болсам, соны жасағанды ​​қалаймын», – дейді Айдин.

Біздің Компания «Жыл адамы» науқанын оқырмандар өздерінің кейіпкерлерін жүзінен тану үшін іске қосты. Достар, «БХК» ЖШС-нің веб-сайтында және Фэйсбукте дауыс берейік! Қорытындыларын әр айда, тоқсанда, сондай-ақ жылдың соңында шығарамыз! #БХК-ныңжыладамы