Ай адамы: Жоламан Искендиров

Ай адамы: Жоламан Искендиров

Дәйексөз: «Өмір сынағынан ешқашан сүрінбеген адам ұлы емес, ол сынақтан, құлап, қайта тұрып кеткен адам мықты.» (Конфуций).

Біздің Компания өз қомандасындағы жаңа кәсіпқойларды өте жоғары бағалайды, сондықтан жалдау процедурасына өте жоғары жауапкершілікпен қарайды. Искендіров Жоламан біздің командада жақын арадан бері жұмыс істеп келеді, бірақ ол көзге түсіп, өзін жақсы жағынан танытып үлгерді.

Жоламанның әр түрлі қаржылық-несиелік ұйымдарда жұмыс істеу тәжірибесі мол. Мәселен, банк саласында ол маманнан бастап Бөлшек сауда бизнес басқармасының меңгерушісіне дейін 8 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Ал 2010 жылы ол елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күресушілер қатарына қосылып, «ҚазАгро» холдингі» АҚ жүйесінде маманнан бастап ҚазАгро еншілес компанияларының кредиттік өнімдерін әзірлеу мен кредиттік қоржынының мониторингі департаментінің директор орынбасарына дейін 5 жыл жұмыс істеп шықты.

Одан әрі Жоламан «Самұрық-Қазына» АҚ жүйесіндегі қызметке ауысты. 2014 – 2018 жылдар кезеңінде «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-де жұмыс істеді. Инвестициялық қызметті жобалық талдау департаментінің бас менеджерінен бастаған және Инвестициялық жобалар департаментінің директорына дейін көтерілді. «QazaqAir» АҚ-да қаржы талдаушысы ретінде жұмыс тәжірибесі бар.

2018 – 2019 жылдар аралығында Жоламан Ауыл шаруашылығы министрлігінде Инвестициялық саясат департаментінің Кредиттік-инвестициялық саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Жоламан өзінің кәсіптік қызметін біздің Компанияда бастады. Ол Активтерді дамыту қызметінің есептілігі бойынша үйлестірушісі болып табылады – инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша аналитикалық есептілікті қалыптастырады, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушылық есептілік жүйесіндегі жобалар бойынша ақпаратты толтырады, қоржындық жобаларды іске асыру мониторингі мен бақылауына қатысады, ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және т.б. белсенді қатысады.

Жоламанның құрмет грамоталары мен басшылықтан алғыс хаттары бар: «АТФ Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгро» Холдингі» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС және «Қазақстан 2050» Жалпы ұлттық қозғалысы».

Халықаралық бизнес университетінің (UIB) іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие (2016 ж). 2018 жылы «Инвестициялардың әділ құнын бағалау», «PricewaterhouseCoopers» (PwC) тақырыптары бойынша оқудан өтті.

Жоламан «Қазақстан 2050» жалпы ұлттық қозғалысымен жүзеге асырылатын «Бала жүрегі» жобасының еріктісі және «AstanaMarathon» мен «BI Marathon» сияқты қалалық марафондардың және әртүрлі спартакиадалардың бірнеше дүркін қатысушысы болып табылады.

Жоламан Искендиров жұбайымен бірге екі әсем қызды тәрбиелеп отыр. Ол сурет салғанды, кәсіби фотосурет түсірумен, бейнені өңдеумен айналысқанды, волейбол мен бильярд ойнағанды, жүгіргенді ұнатады. Қазіргі уақытта ол графикалық дизайн, веб-дизайн дағдыларын игеруде және тағы да қазақтың ұлттық аспабы – домбырада ойнауды үйренуді жоспарлап отыр.

Біздің Компания «Жыл адамы» науқанын оқырмандар өздерінің кейіпкерлерін жүзінен тану үшін іске қосты. Достар, «БХК» ЖШС-нің веб-сайтында және Фэйсбукте дауыс берейік! Қорытындыларын әр айда, тоқсанда, сондай-ақ жылдың соңында шығарамыз! #БХК-ныңжыладамы