БХК ЖШС-нің 2020 жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жоспары.

Біліктілік органы АБІ өтуге арналған өтініштерді (алдын ала біліктілік іріктеу), ТЖҚ кодтарын (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер) өзектілендіруге арналған өтініштерді және қолданыстағы талаптар бойынша сауалнамаларды өзектілендірудің аяқталғаны туралы 2019 жылғы 6 желтоқсанда сағат 9:00-ден бастап хабардар етеді..

Көрсетілген уақытқа дейін келіп түскен АБІ өтуге өтініштерді және ТЖҚ кодтарын өзектендіруге өтініштерді біліктілік органы ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында жұмыс күнінің соңына дейін қарайтын болады.

Бұл ретте, біліктілік органының ескертулерін ескере отырып пысықталған ТЖҚ кодтарын өзектендіру үшін АБІ өтуге өтініштерді және өтініштерді қабылдау ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда сағат 18:30-ға дейін жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты, АБІ өтуге ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге, сондай-ақ АҚБ тізбесіндегі, бірақ ТЖҚ сауалнамалары мен кодтарын өзектендіру рәсімінен өтпеген әлеуетті өнім берушілерге көрсетілген күнге дейін қажетті құжаттарды беруді аяқтауды ұсынамыз.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап “Самұрық-Қазына” АҚ-ның сатып алу қызметін басқару стандарты қолданысқа енгізіледі, онда алдын ала біліктілік іріктеуін жүргізудің жаңа қағидаттары белгіленеді.

АБІ жаңа моделіндегі негізгі жаңалықтардың бірі әлеуетті өнім берушіні бағалау кезінде баллдық жүйені жою, сондай-ақ сындылық деңгейі және сәйкестік деңгейі сияқты ұғымдарды жою.

Құжатпен танысу үшін сіз келесі сілтеме бойынша өтіңіз:  https://sk.kz/purchases/?temp=full&id=364&iblock=89.

Серіктестіктің сатып алу мәселелері бойынша мына сілтеме бойынша өтіңіз: www.zakup.sk.kz