Жобаның мақсаты: Ақмола облысындағы күкірт қышқылы зауытын қайта құру Өндірістік қуаты: жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы Жобаны пайдалануға енгізу: 2015 ж. Өндіріс үшін негізгі шикізат: «Теңізшевройл» ЖШС-мен жеткізілетін түйіршіктелген күкірт Өнімнің негізгі тұтынушылары: Қазақстан Республикасының уран өндіруші кәсіпорындары. Тұрақты жұмыс орындарының саны: 230 адам Меншіктенушілер құрылымы:  — «Біріккен химиялық компания» ЖШС — 90,11% — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ — 9,89% Жоба Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға, сондай-ақ облыстың индустрияландыру картасына кіреді. Зауыт толығымен автоматтандырылған, заманауи жабдықтармен жабдықталған және экологиялы тұрғыда қауіпсіз (барлық операциялар жабық режимде жүреді). Толық ақпарат мына сайтта: http://ssap.kz/

Жобаның мақсаты: Атырау облысында полимерлі өнімдерді өндіру

Өндірістік қуаты:

  • Полипропилен қаптары – жылына 20 млн. дана;
  • ББПП-қабық – жылына 9600 тоннаға дейін

Жобаны пайдалануға енгізу: 2015 ж.

Жобаны іске асыру жері: «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы

Меншіктенушілер құрылымы: 

– «Біріккен химиялық компания» ЖШС — 99,68%

– «Тараз Химиялық Паркі АЭА» БК» АҚ – 0,32%

Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1001 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға кіреді.

Толық ақпарат мына сайтта: http://www.polymerproduction.kz/

Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасында глифосат, ойып түсетін өткір сода, үшхлорлы фосфор, сондай-ақ кальций хлорид өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру.

Формуляция кешенінің мақсаты озық технологияларды пайдалана отырып, қазақстандық нарық үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын (гербицидтерді) өндіру және жүзеге асыру болып табылады.

Формуляция кешенінің жобалық қуаты: Жылға 2 919 708 литр құрамында сұйық глифосаты бар гербицид және 1 000 тонна құрамында түйіршіктелген глифосаты бар гербицид.

2019 жылдың маусымында глифосат формулятының 510,1 мың литр су ерітіндісі өндірілді және сатылды. 2020 жылдың маусымында 850 мың литр сұйық және 100 тонна глифосат түйіршіктелген формуляты өндірілді, көлемдерін орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінгі күні 824 мың литр глифосат формулятының су ерітіндісі орналастырылды.

2021 жылдың маусымында 850 мың литр сұйық глифосат формулятының өндірісі басталды.

Формуляция кешені 2019 жылғы қаңтарда пайдалануға берілді.

Жобаның іске асыру орны: Арнаулы экономикалық аймағы «Тараз Химиялық паркі».

Меншіктенушілер құрылымы:
— «Біріккен химиялық компания» ЖШС — 99,92%
— «Самұрық Қазына Инвест» ЖШС — 0,08%