“Біріккен химиялық компания” ЖШС корпоративтік басқару кодексінің негізгі мақсаты корпоративтік басқаруды жетілдіру, басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету, тиісті корпоративтік басқару стандарттарын сақтау болып табылады.

Корпоративтік басқару деп серіктестіктің қызметін басқаруды және бақылауды қамтамасыз ететін және жалғыз акционер мүддесінде жалғыз қатысушы, байқау кеңесі, басқарма, серіктестіктің өзге де органдары мен мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды, сондай-ақ серіктестіктің еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтитын үдерістер жиынтығы деп түсіндіріледі.

БХК корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары болып табылады:

1) жалғыз қатысушының құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;

2) байқау кеңесі мен басқарманы тиімді басқару қағидаты;

3) дербес қызмет қағидаты;

4) қызмет туралы ақпаратты ашудың ашықтығы мен объективтілігі қағидаттары;

5) заңдылық пен этика қағидаттары;

6) тиімді дивидендтік саясат қағидаттары;

7) тиімді кадр саясатының қағидаттары;

8) қоршаған ортаны қорғау қағидаты;

9) корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясаты;

10) жауапкершілік қағидаты.

БХК негізгі міндеттерінің бірі – 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес операциялық тиімділікті арттыру және ұзақ мерзімді құнын ұлғайту үшін корпоративтік басқаруды жетілдіру.

2018 жылы “ПрайсуотерхаусКуперс” ЖШС (PWC) серіктестіктің корпоративтік басқаруына келесі бөлімдер бойынша диагностика жүргізілді:

  1. Қатысушылардың құқықтары және қатысушыларға әділ көзқарас;
  2. Байқау кеңесі мен Атқарушы органның тиімділігі;
  3. Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит;
  4. Тұрақты даму;
  5. Ашықтық.

Жүргізілген диагностиканың қорытындысы бойынша серіктестікке одан әрі дамыту мен жетілдіруді талап ететін қызмет салалары бойынша ұсынымдар берілді, олардың аясында 2019 – 2020 жылдарға арналған Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Серіктестік тоқсан сайынғы негізде Байқау кеңесінің мүшелеріне осы жоспардың орындалуы бойынша ақпарат береді.