USD 437.2 | RUB 5.79 | CNY 61.94 | EUR 475.32

– Ақордада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Қазақстан Премьер-Министрі А. Маминмен және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы А. Есімовпен «Borealis» Басқарма төрағасы Альфред Штернмен мұнай-химия өнеркәсібін дамытуға және «Borealis» компаниясымен бірлесіп, «Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салу 2 фаза (полиэтилен өндіру)» жобасы бойынша кездесу ұйымдастырылды.

– «Бір белдеу-бір жол» іс – шарасы аясында «Huajin Group» қытай компаниясымен минералды тыңайтқыштар өндіру жобасы аясында техникалық-экономикалық негіздемені бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылды. Жоба 2020-2023 жылдары Қазақстан аумағында қуаты 800 мың тонна зауыт құрылысын көздейді, бұл алдағы уақытта Қытай мен Еуропалық Одақ нарықтарында Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

– «БХК» ЖШС «ХИМ-Плюс» ЖШС еншілес компаниясымен бірлесіп,  «ХИМ-Плюс» ЖШС үшін «Глифосат» және «каустикалық сода» жобаларын жүзеге асыруды қайта бастау мақсатында «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында стратегиялық серіктесті іздеу бойынша салалық іс-шара ұйымдастырды.

– Қытай хлор қауымдастығы мен Далян тауар биржасының, сондай-ақ Fujian Longyan Longhua Chemical Co., Ltd., Fujian Yuchang Chemical Co., Ltd., Fujian Fu Chemicals Co., Ltd., Xiamen Xiangyu Chemical Co., Ltd. ірі өндірушілердің қолдауымен Сямынь қаласында 22-ші Бүкілқытайлық хлор-сілтілік форумы өтті.

– «БХК» ЖШС-гі  «North Huajin Chemical Industries Group» және «Norinco International Cooperation Ltd.» компанияларының қытайлық серіктестерімен бірлесіп, «Тараз химиялық паркі» АЭА-да карбамид өндіру жобасын жүзеге асыру орны таңдалды.

– «БХК» ЖШС және «Тараз ХимПарк» АЭА БК» АҚ Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-шы отырысына қатысты. Іс-шараны «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚХР халықаралық саудасына жәрдемдесу комитеті ұйымдастырды.

– БХК, «ҚазТрансГаз» АҚ және «North Huajin Chemical Industry Group Corporation» арасында «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында жобасы үшін табиғи газды үздіксіз жеткізуге кепілдік беретін үшжақты келісімге қол қойылды.

– БХК мен «Ronghui Group» қытай компаниясы арасында «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында «каустикалық сода» жобасы бойынша меморандумға қол қойылды.

– «ХИМ-Плюс» ЖШС жобаларын бірлесіп іске асыру бойынша бірнеше өндірушілермен байланыс орнатылды.

– дамушы елдер мен Орталық Азия елдерінде жобаға кіру жөніндегі инвестордың шарттарын түсіндіру үшін «Borealis» компаниясы өкілдерінің, халықаралық кеңесшілердің қатысуымен үкіметаралық келісім (ҮАК) бойынша жұмыс шеңберінде жұмыс тобының бірінші отырысы ұйымдастырылды.

– Мемлекет басшысының БАӘ-ге ресми сапары аясында ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктестікпен және «Borealis» компаниясы арасында «Атырау облысында 2 фаза (полиэтилен өндірісі) алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу» жобасын бірлесіп іске асыруға қатысты бірқатар келісімдерге қол қойылды. Жобаның қуаттылығы-жылына 1 250 мың тонна полиэтиленге дейін, құны шамамен 6,5 млрд. АҚШ долларын құрайды.

 – Атырау облысында «KLPE» ЖШС интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы.

– өндірістік қуаты жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын қайта құру аяқталды, зауыт пайдалануға берілді.

– «Karabatan Utility Solutions» ЖШС құру.

– Ақмола облысында, Степногорск қаласында қуаты жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын қайта қалпына келтіру.

 – Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу, 1 фаза (полипропилен), 2 фаза (полиэтилен).

– Атырау облысында полимерлік өнім өндірісі басталды.

– глифосат, үш хлорлы фосфор, каустикалық сода және хлор өндірісі басталды.

– инжинирингтік қызметтер көрсету, химиялық өндірістерді жобалауға, III санаттағы жобалық қызметті жүзеге асыруға, мұнай-химия өндірістерін жобалауға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстар мен қызметтерді орындауға лицензиялар алынды.

– «K — SURE» және «K-EXIM» корей экспорттық – кредиттік агенттіктерімен өзара түсіністік және «Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы-2 фаза (полиэтилен)» жобасын қаржыландыру туралы меморандумға қол қойылды.

– «БХК» ЖШС 2020 жылға дейінгі инновациялық-технологиялық даму стратегиясы қабылданды.

– «БХК» ЖШС «KLPE (КейЭлПиИ)» ЖШС қатысушыларының құрамына кірді -» Атырау облысында интеграцияланған газ — химия кешенінің құрылысы -2 фаза (полиэтилен) жобасының операторы».

–  «БХК» ЖШС-гі «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ-нан «KPI Inc.» ЖШС қатысу үлесінің 51%  алды.

– «БХК» ЖШС мен «Jurong International Holding Pte» компаниясы (Сингапур) арасында Қазақстандағы химиялық технопарктерді басқару бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды..

– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен ғылыми-технологиялық ынтымақтастық және химия өндірістеріне мамандар даярлау туралы меморандумға қол қойылды.

– «БХК Инжиниринг» ЖШС мамандандырылған инжинирингтік компаниясы құрылды.

– «БХК » ЖШС «Полимер Продакшн»  ЖШС қатысушыларының құрамына кірді — Атырау облысында полимер өнімдерін өндіру жобасының операторы.

– ХИМ-плюс» ЖШС — үш хлорлы фосфор, каустикалық сода, хлор және глифосат өндіру жобаларының операторы құрылды.

– «Тараз химиялық паркі» АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ құру.

–     «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен Қытай Эксим банкі арасында Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобасының бірінші кезеңін қаржыландыру туралы несиелік келісім жасалды.

– полимерлік өнім өндіру бойынша газ-химия кешенін салу.

–  Атырау облысында интеграцияланған газ — химия кешенін салу-1 фаза (полипропилен).

–   жобаның бірінші фазасы аясында (полипропилен) жобаны қаржыландыру туралы кредиттік келісім жасалды, инфрақұрылым объектілерін жобалау аяқталды, инфрақұрылым объектілері бойынша құрылыс жұмыстары жалғастырылды, негізгі технологиялық қондырғылар мен алаңішілік желілерді жобалау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

–   жобаның екінші кезеңі аясында (полиэтилен)  «LG Chem Ltd.» – стратегиялық серіктес  таңдау жүзеге асырылды, техникалық-экономикалық негіздемені жаңарту аяқталды.

– «Қазатомөнеркәсіп» СКЗ БК» ЖШС мен Еуразиялық Даму Банкі арасында Ақмола облысында (Степногорск) жылына 180 мың тонна өндірістік қуаты бар күкірт қышқылы зауытын қайта жаңарту жобасын қаржыландыру үшін несие шартына қол қойылды.

– «CEFIC» – химия өнеркәсібі Еуропалық кеңесінің Бас Ассамблеясында «БХК» ЖШС «CEFIC» қауымдастырылған компания мәртебесін алуға оң шешім қабылданды.

– фосфорит концентратын өндіру үшін суспензиялық-флотациялық фабриканы қайта құру басталды.

«Біріккен химиялық компания» ЖШС құру

2008 жылғы 13 қазанда Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «химия саласындағы жобалармен айналысатын арнайы компания құру» туралы тапсырма берді. «Самұрық – Қазына» АҚ Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында химия өнеркәсібіндегі жетекші мемлекеттік оператор болып табылатын Біріккен химиялық компания құрды.

Мақсат: мемлекеттік активтерді салаларға шоғырландыру және оның одан әрі дамуын ынталандыру.

Басым жобалар:

  • «Біріккен химиялық компания» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп СКЗ БК» ЖШС қатысушыларының құрамына кірді.
  • Қуаты жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын қайта жаңарту;
  • Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу, полимер өнімдерін өндіру;
  • «Тараз химиялық паркі» АЭА құрылысы және т.б.

«Біріккен химиялық компания» ЖШС химия саласы бөлігінде үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның негізгі операторы.

 

Close Menu