Атырау облысындағы алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы (Бірінші фаза – полипропилен өндірісі)

Жобаның мақсаты: Жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт салу.

Өндірістік қуаты: 500 мың тонна полипропилен

Жобаны іске асыру жері: Атырау облысы, «ҰИМТ» АЭА аумағы.

Бастапқы шикізат: пропан

Жұмыс орындарының саны: 500 тұрақты және 4000 уақытша жұмыс орындары

Капиталдағы үлесі: «БХК» ЖШС (99%)

Ағымдағы жағдай және алдағы жоспарлар: құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның сенімгерлік басқаруына берілді.

Жобаның мақсаты: Полиэтилен өндіретін зауыт салу.

Жобаны іске асыру жері: Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы

Шикізат: Газ айыру қондырғысында талап етілетін көлемге және сапаға дейін дайындалатын мұнай-газ кен орындарындағы газ.

Капиталдағы үлесі:

 «БХК» ЖШС (99,90409%)

 «Полимер Продакшн» ЖШС – 0,09591%

Ағымдағы жағдай және алдағы жоспарлар: Техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жүргізілуде

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА (ҰИМТ АЭА)аумағында инфрақұрылым объектілерінің құрылысы  

Жобаның мақсаты: ҰИМТ АЭА қатысушыларын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

Өндірістік қуаты:

– 310 МВт газтурбиналы электр станциясы (ГТЭС);

– Су өңдеу және пайдаланған суларды тазарту бойынша қондырғы – 15 мың м3/тәул. (СД);

– 220 кВ ӘЖ және ҚС;

– Инженерлік желілер мен коммуникациялар.

Жобаны іске асыру жері: Атырау облысы, ҰИМТ АЭА аумағы, Қарабатан учаскесі

Бастапқы шикізат: отын газы, шикі су

Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде шамамен 900 адам, пайдалану кезеңінде 300 адам.

Ағымдағы жағдай және алдағы жоспарлар: ГТЭС бойынша құрылыстың қорытындылаушы кезеңі (ілгерілеу – 97%) жүргізілуде, пайдалануға енгізу 2020 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған. СД ЖСҚ-ны әзірлеуді аяқтауда, 0 циклінің жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2021 жылы жоспарланған. 220 кВ ӘЖ және ҚС – объект пайдалануға енгізілген. Инженерлік желілер – жобалау аяқталған, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2021 жылы жоспарланған.

«Аммиак Карбамид» жобасы

Жобаның мақсаты: Жамбыл облысында аммиакты және карбамидті өндіру

Өндірістік қуаты: жылына 886 000 тонна

Жобаны іске асыру жері: «Тараз химиялық паркі» АЭА (40 га)

Бастапқы шикізат: 537 млн. м3/жыл көлеміндегі табиғи газ

Жұмыс орындары: құрылыс кезеңінде – 2500, пайдалану кезеңінде – 350-ге дейін

Акциялар үлесі: HuajinGroup – 60%, UCC – 40% (техникалық-экономикалық негіздеу сатысында), UCC-ның 49%-ға дейін ықтимал үлесімен.

Ағымдағы жағдай және алдағы жоспарлар:

ТЭН-ді бірлесіп әзірлеу туралы келісімге 2019 жылдың сәуірінде халықаралық ынтымақтастық форумының аясында қол қойылған.

2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің VI отырысы аясында «ҚазТрансГаз» АҚ, «БХК» ЖШС және HuajinGroup табиғи газды жеткізу туралы үшжақты келісімге қол қойды.

2019 жылдың қарашасында ТЭН мемлекеттік сараптамаға («Мемсараптама» РМК) жіберілді. Бірлескен кәсіпорын 2020 жылдың екінші тоқсанында құрылады. Пайдалануға енгізудің болжалды күні – 2024 жылдың төртінші тоқсаны.

2020 жылдың ақпанында жобаның ТЭН-ына мемлекеттік сараптаманың («Мемсараптама» РМК) оң қорытындысы алынды.