USD | RUB | CNY | EUR

Іске асырылған HR бастамалар

  • БХК мен бірқатар ЕТҰ-дағы барлық лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді;
  • ЕТҰ-да («СКЗК» ЖШС, «Полимер Продакшн» ЖШС) қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына (Job Matching) сәйкестігін бағалау жүргізілді;
  • жоғары кәсіби шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде қазақстандық қызметкерлерге білім мен тәжірибені міндетті түрде беру бойынша рәсімдер енгізілді. Серіктестікте және ЕТҰ-да тартылған шетелдік қызметкерлер үшін қазақстандық қызметкерлерге білім мен тәжірибе беру бойынша ҚНК белгіленетін болады;
  • жобаларды басқару бойынша түрлі бағдарламалар бойынша сертификатталған қызметкерлердің мүмкіндіктері ұлғайтылды;
  • жоғары және орта буын басшылары бөлігін оқыту бағдарламаларына көшбасшылықты дамытудың міндетті бағдарламасы енгізілген;
  • Кадрлық аудитті тұрақты жүргізу арқылы қызметкерлерді басқарудың интеграцияланған үдерістерін бақылау жүзеге асырылады.
  • сыртқы нарықпен бәсекеге қабілеттілікті ескере отырып, БХК әкімшілік қызметкерлеріне сыйақы берудің ағымдағы саясаты мен тәжірибесіне талдау жүргізілді.
  • Компания құрылымында Д.Ульрихтың классикалық моделіне сәйкес HR бизнес-серіктестер енгізілген. БХК және БХК компаниялары тобының контекстіндегі HR бизнес-серіктестерінің рөлі туралы ақпарат төменде презентацияда ұсынылған.

Атап айтқанда, 2018 жылы HR бизнес-серіктестер қызметкерлердің өздерін және олардың желілік менеджерлерін тарта отырып, құрылымдық бөлімшенің стратегиялық мақсаттары мен функционалдық мақсаттарын жеке қызметкерлер деңгейіне дейін каскадтау, сондай-ақ оқыту мен дамытудың тиімді бағыттарын таңдау үшін мақсаттарды дұрыс қою бөлігінде қызметкерлерге кеңес бере бастады.

  • ЕТҰ-да еңбекақы төлеу жүйесіне жүргізілген талдауға сәйкес
  • «Полимер Продакшн» ЖШС Атырау облысы бойынша орташа айлық жалақыдан төмен ақы төленетін қызметкерлердің орташа жалақысы тіркелген (ресми статистикалық деректер бойынша). Төмен ақы төленетін қызметкерлердің жалақысын арттыру бойынша қабылданған шаралар – компанияда 9 төмен ақы төленетін қызметкер бар, 01.12.2018 жылдан бастап осы қызметкерлердің жалақысы 10 % көтерілді.
  • 19.03.2019 жылы БХК «Жас Өркен» бағдарламасының түлектерімен кездесуге қатысты. 12.04.2019 «Жас Өркен 2017» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті («ТаразХимПарк» АҚ, ИТ блок БХК өкілдерінің қатысуымен). БХК ЕТҰ-да 2018 жылдан бастап Жас Өркен бағдарламасының жас мамандары экономика және қаржы, химиялық технологиялар саласындағы әртүрлі мамандандырулар бойынша ротациялаудан өтуде.
  • ағымдағы жылдың 5 тамызынан бастап «БХК» ЖШС және оның ЕТҰ Samryk-Qyzmet Қорының (рекрутменттің онлайн-платформасы) жобасын іске асыруға белсенді қатысты және бос жұмыс орындары және әкімшілік лауазымдар бойынша өткізілетін конкурстар туралы ақпаратпен толтырумен айналыса бастады. Бүгінгі күні серіктестіктің барлық ЕТҰ-ы Samryk-Qyzmet-те бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен тіркеліп, өз бөлімдерін толтырды.
Close Menu