USD 399.51 | RUB 5.78 | CNY 56.1 | EUR 447.33

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Қытайда коронавирустық инфекция (2019‐nCoV) таралуына байланысты инфекцияның тән
белгілері туралы хабарлаймыз:
•Бастың ауыруы
•Мұрыннан су ағу
•Кеуде тұсының ауырсынуы
•Безгек
•Жүрек қағысының жиілеуі
•Тыныс алудың бұзылуы
Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында ДДҰ ұсынған
Келесі қарапайым шараларды сақтауды өтінеміз:

  • Жөтел немесе түшкіргенде «респираторлық этикет» сақтаңыз. Қажет болса маска киіңіз. Жөтелгенде және түшкіргенде қолданылған майлықтарды қоқысқа тастаңыз – қолданылған майлықтарды қалтаңызда немесе айналаңызда қалдырмаңыз.
  • Қол тазалығын сақтаңыз. Егер сабын мен су қолжетімсіз болса, құрамында алкоголь бар дезинфекциялау құралдарын немесе басқа да антисептиктерді пайдаланыңыз.
  • Көзіңізді, мұрыныңызды немесе ауызыңызды қолмен ұстаудан бас тартыңыз.
  • Шикі немесе шала пісірілген жануарлар өнімдерімен тамақтанудан аулақ болыңыз.
  • Жөтел немесе түшкіру сияқты тыныс алу жолдары аурулары белгілері бар адамдармен жақын қарым‐қатынастан бас тартыңыз.

2019‐nCoV бойынша толық ақпаратты ДДҰ сайтынан ала аласыз https://www.who.int/ru/newsroom/fact‐sheets/detail/middle‐east‐respiratory‐syndrome‐coronavirus‐(mers‐cov)
Мүмкіндігінше, коронавирус аурушаңдығы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалатын елдерге (қазіргі уақытта Қытайға) жол жүруден бас тарту ұсынылады.


Аурулардың белгілері болған жағдайда 103 хабарласыңыз!
Тәулік бойы call‐центр 1406, +7 7172 76 80 43

Close Menu