USD 412.55 | RUB 5.79 | CNY 58.8 | EUR 468.66

«Қазатомөнеркәсіп КҚЗ БК» ЖШС

2009 жылы құрылған

Жобаны іске асыру жері: Степногорск қ., Ақмола обл., 6-өнеркәсіптік аймақ Қатысушылары: – «Біріккен химиялық компания» ЖШС – 90,11% – «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ – 9,89% Жобаны іске асыру мерзімі: 2010-2015 жж.

Ресми сайты: www.sap-kazatomprom.kz

Бірінші басшысы: Басқарма Төрағасы – Өмірбаев Әділхан Әбдірахманұлы

2009 жылы «Біріккен химиялық компания» ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП КҚЗ БК» ЖШС-нің қатысушылары құрамына кірді. Қаражаттар Қазатомөнеркәсіптің уран өндіруші кәсіпорындарын күкірт қышқылымен қамтамасыз ету мақсатында қуаттылығы 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын қайта құруға бағытталды. 2015 жылдың қазанында қуаттылығы жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын қайта құру аяқталды, зауыт пайдалануға берілді. Жоғары сапалы өнім шығаруды қамтамасыз ету үшін қолданыстағы өндірістік объектілерді қайта құру, сонымен қатар жаңа объектілердің (сорғы бөлмесі бар балқытылған күкірт қоймасы, абсорбция бөлімі, күкірт қышқылы қоймасының сорғы бөлмесі, дизель отынының қоймасы, теміржол эстакадасы) құрылысы жүргізілді. Орнатылған жабдықтартар және технология дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келеді.

Ағымдағы міндеттер:

— «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уран өндіруші кәсіпорындарын күкірт қышқылымен қамтамасыз ету. Каспий өңіріндегі экологиялық жағдайға келеңсіз әсер ететін күкіртті қайта өңдеу мәселелерін шешу (қазіргі уақытта «Теңізшевройл» («ТШО») ЖШС компаниясының күкірт карталарында шамамен 8 миллион тонна күкірт орналасқан);

— заманауи технологияларды қолдану арқылы күкіртті өңдеу жолымен Қазақстан Республикасының солтүстік өңірлерінде химия өнеркәсібін дамыту.

«ПОЛИМЕР ПРОДАКШН» ЖШС

Құрылды:

13 қыркүйек 2012 жыл

Жобаның жүзеге асатын орны:

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы

Қатысушылар:

«Біріккен химиялық компания» ЖШС — 99,68%;

«БҚ» Тараз химиялық паркі» АЭА  АҚ –  0,32%

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2012—2015 ж.

Ресми сайт: www.polymerproduction.kz

Бірінші басшы:

Басқарма Төрағасы — Бимағамбетов Қайрат Болатұлы.

 «Полимер Продакшн» ЖШС, «Біріккен химиялық компания» ЖШС-нің еншілес ұйымы бола отырып, «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді.

Қазіргі уақытта «Полимер Продакшн» ЖШС-да «Атырау облысындағы полимерлі өнімдер өндірісі» инвестициялық жоба іске асырылған, өнімдерді (биаксиалды-бағытталған полипропилендік қабықшаны, полиэтилендік қабықшаны және полипропилендік қапшықтарды) шығару жүзеге асырылуда.

Бұл Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1001 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға кіреді.

Ағымдағы міндеттер:

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды сапалы, технологиялық және денсаулық үшін қауіпсіз өнімдермен қамтамасыз ету.

«ТАРАЗ ХИМИЯЛЫҚ ПАРКІ АЭА» БК» АҚ

Құрылған: 13 қараша 2012 жыл

Жобаны іске асыру жері: «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы

Қатысушылары:

– «Біріккен химиялық компания» ЖШС – 18,5%
– ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – 81,5%

Әрекет ету мерзімі: 2037 жылға дейін

Ресми сайты: www.seztaraz.kz

Бірінші басшысы: Басқарма Төрағасы – Анасов Досан Теміртасұлы

Бұл жобаның мақсаты импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті химиялық өнімнің өндірістеріне тікелей инвестициялар тарту үшін тартымды жағдайларды қалыптастыру болды.

Бұдан басқа, жобаның мақсаттарына химия өнеркәсібін дамыту және қолдау, осы саладағы әлемнің жетекші компанияларын тарту жолымен қосылған құны жоғары химиялық өнімдерді және олардың негізіндегі бұйымдарды өндіру кіреді.

Ағымдағы міндеттер:

– «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға берілген.

– АЭА аумағында өз қызметін жүзеге асыруды жоспарлаған 6 қатысушы тіркелген.

«ХИМ-плюс» ЖШС

Құрылған: 7 желтоқсан 2012 жыл

Жобаны іске асыру жері: «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы

Қатысушылары: – «Біріккен химиялық компания» ЖШС – 99,92%

– «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС – 0,08% Жобаны іске асыру мерзімдері: 2012-2015

Ресми сайты: www.chemplus.kz

Бірінші басшысы: Басқарма Төрағасы – Қаражігітов Асқарбек Раисұлы

«ХИМ-плюс» ЖШС қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында глифосаттың, каустикалық соданың, үш хлорлы фосфордың, сондай-ақ кальций хлоридінің өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру болып табылады.

Ағымдағы міндеттер:

– қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті химиялық өнімді шығару бойынша химиялық өндірістерді құру мен дамыту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру;

– химиялық өндірістердің құрылсына және кешенді дамытуына инвестициялар тарту;

– халықаралық стандарттарға сәйкес химиялық өндіріс үшін мамандар даярлау және қайта даярлау;

– қазақстанның химия өнеркәсібіне химиялық өндірістердің тұрақты қызметін басқару мен ұйымдастырудың озық тәжірибесін тарту.

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»  ЖШС («KPI Inc.» ЖШС)

Құрылды: 2008 жылы.

Жобаның жүзеге асатын орны:

Атырау облысы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы

Қатысушылар:

–  «Біріккен химиялық компания» ЖШС – 99%

– «Фирма Алмэкс Плюс» ЖШС – 1%

Жобаны енгізу мерзімі: 2021

Ресми сайты: www.kpi.kz

Бірінші басшысы:

Басқарма Төрағасы – Тиесов Данияр Сүйіншілікұлы

 

 «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» («Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк.») ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1352 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2008-2013 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында, ішкі және экспорттық нарықтарда кейіннен өткізу үшін қымбат тұратын мұнай-химия өнімін өндіру бойынша газ-химия кешеніні үшін бастапқы шикізат ретінде Теңіз және Қашаған кен орындарында болатын газдың үлкен көлемдерін пайдалану мақсатында әзірленген. Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-экономикалық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған.

Ағымдағы міндеттер: – Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы;

– Кешенді пайдалану, соның ішінде Кешенмен өндірілетін өнеркәсіптік өнімдерді өндіру және сату;

– Кешеннің инжирингі, жобалауы және құрылысы үшін қажетті және байланысты, бірақ олармен шектелмей, іс-шараларды жүзеге асыру, жобалауға шарттары бойынша, Жоба, Кешен үшін сатып алу мен құрылысқа және барлық басқа да ілеспе шарттар бойынша тапсырыс беруші мен техникалық қадағалаудың функцияларын орындау;

– Жоба мен Кешенді іске асыру үшін қаржыландыруды тартумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру;

– Газ өңдеу мен мұнай-химияның барлық өнімдерін қоса алғанда, өнеркәсіптік өнімдерді өндіру мен сату бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС («KUS» ЖШС)

Құрылған: 2014 жылы

Жобаны іске асыру жері: Атырау облысының «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы

Қатысушылары:

– «Біріккен химиялық компания» ЖШС – 99,999999%

– «Полимер Продакшн» ЖШС – 0,000001%

Жобаның іске асырылу мерзімі: 2014 – 2018

Ресми сайты: www.kus.com.kz

Бірінші басшысы: Басқарма төрағасы – Мәми Ерлан Еркешұлы

 «Karabatan Utility Solutions» ЖШС 2014 жылы компания қатысушыларының жалпы жиналысының 2014 жылғы 20 тамыздағы шешімімен құрылды.

Ағымдағы міндеттер:

– көмірсутек шикізатын өңдеуге арналған кешендерді, өндірістерді және қондырғыларды салу және пайдалану;

– арнайы экономикалық аймақтың аумағында инфрақұрылымның объектілерін жобалау, салу және пайдалануға енгізу;

– электр және (немесе) жылу энергияларын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіру;

– инвестициялық жобалардың шеңберінде өндірістік, әкімшілік және инфрақұрылымдық объектілерді пайдалану;

– инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде өндірілетін өнеркәсіптік өнімдерді өндіру және сату;

– инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде өндірістік, әкімшілік және инфрақұрылымдық объектілердің инжинирингі, жобалауы және құрылысы үшін қажетті және олармен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру.

«KLPE» ЖШС

2017 жылы құрылған

Жобаны іске асыру жері: Атырау облысының «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы

Қатысушылары:

– «Біріккен химиялық компания» ЖШС – 99,90409%

– «Полимер Продакшн» ЖШС – 0,09591%

Ресми сайты: www.klpe.kz

Бірінші басшысы: Басқарма Төрағасы – Имашев Әлжан Берікұлы.

Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның көмегімен стратегиялық серіктес – LG Chem, Ltd компаниясы тартылған болатын. Қазіргі уақытта «KLPE» (КейЭлПиИ) ЖШС-нің қатысушылар құрамына LG Chem, Ltd. (50%) және «Біріккен химиялық компания» ЖШС (50%) кіреді.

Ағымдағы міндеттер:

– Атырау облысында әлемдік деңгейдегі газ-химия кешенінің екінші фазасын жобалау, салу және пайдалану.

– газ өңдеудің және мұнай-химияның барлық өнімдерін қоса алғанда, полиэтиленді және басқа да өнеркәсіптік өнімдерді өндіру және сату.

«ҰЛТТЫҚ ИНДУСТРИЯЛЫҚ МҰНАЙ-ХИМИЯ ТЕХНОПАРКІ АЭА» БК» АҚ

Құрылған: 19 қараша 2007 жыл

Жобаны іске асыру жері: Атырау облысы

Қатысушылары:

– «Біріккен химиялық компания» ЖШС – 13,39%

– Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі – 86,61%

Әрекет ету мерзімі: 2032 жылға дейін

Ресми сайты: www.nipt.kz

Бірінші басшысы: Басқарма Төрағасы – Қалабаев Аслан Дәуренбекұлы

АЭА-ны құру мақсаты көмірсутектерді терең өңдеу және жоғары қосылған құны бар кең бәсекелес мұнай-химия өнеркәсібін өндіру үшін әлемдік деңгейдегі мұнай-химия зауыттарын құру және дамыту үшін серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және енгізу болды.

Close Menu