USD 399.51 | RUB 5.78 | CNY 56.1 | EUR 447.33

2018 жылғы 27 тамыздағы БХК Бақылау кеңесінің шешімімен  «Біріккен химиялық компания» (БХК) ЖШС-нің 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясы бекітілді.

БХК стратегиясы жинақы холдингті қалыптастыру, жобалық басқару стратегиясын іске асыру, компанияның кейбір жобаларын сенімді басқаруға беру, операциялық және инвестициялық тиімділікті арттыру, тиісті құзыреттерді, қаржылық тұрақтылықты арттыру бөлігінде «Самұрық – Қазына» АҚ тұлғасындағы жалғыз қатысушының даму стратегиясына сәйкес келеді.

Міндеттері

Инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы ҚР-да жаңа химия өндірістерін дамытуға ықпал ету, қажет болған жағдайда капиталға қатысу.

БХК пайымдауы

Базалық мұнай-химия жобаларының портфелін басқаратын тұрақты және табысты компания, кешенді жобаларды іске асыру саласында тәжірибесі бар құзыретті серіктес.

БХК қызметінің қағидаттары

  • Мүдделі тұлғалардың мүдделерін сақтау;
  • Жұмыста кәсібилік және жеке даму үшін дағдыларды пайдалану, компанияның тиімділігін арттыру және клиенттер үшін құндылық жасау;
  • Компанияның әлеуметтік жауапкершілігі және қоршаған ортаға қамқорлық жасау, тұрақты даму;
  • Қызметтің заңдылығы мен этикалық стандарттарға сәйкес жұмыс істеу;
  • Сыйластық және қызметкерлердің жұмысы үшін өнімді атмосфераны құру, қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасау.

БХК дамуының стратегиялық бағыттары

  • БХК-ны біріктірілген, шағын мұнай-химия холдингіне айналдыру;
  • Оның операциялық және инвестициялық тиімділігін арттыру;
  • Қызметкерлерді дамытуға назар аудару;
  • Стратегиялық серіктестерді тарту.
Close Menu