USD 412.55 | RUB 5.79 | CNY 58.8 | EUR 468.66

«Біріккен химиялық компания» ЖШС (БХК) 2009 жылы «Самұрық-Қазына «ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар Кеңесінің 2008 жылғы 28 қарашадағы шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «химия саласының жобаларымен айналысатын арнайы компания құру» жөніндегі берген тапсырмасын орындау мақсатында құрылды.

БХК-ның жалғыз қатысушысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ болып табылады».

БХК міндеттері:

  •  химия саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
  •  меншік немесе сенімгерлік басқару құқығындағы БХК тиесілі активтерді тиімді басқару.

БХК қызметінің қағидаттары:

  •  химия саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті зерттеулерді, сараптамаларды және өзге де жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
  •  химия саласындағы инвестициялық жобаларды ұйымдастыру үшін қажетті жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды ұйымдастыру және іске асыру;
  •  БХК-ның химия саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін өзге заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін) құруға және (немесе) сатып алуға осындай заңды тұлғадағы акцияларды (қатысу үлестерін) кейіннен иеліктен шығаруға қатысу мүмкіндігі бар;
  •  дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы БХК-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғаларды тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу.

Міндеттері

Инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы ҚР-да жаңа химия өндірістерін дамытуға ықпал ету, қажет болған жағдайда капиталға қатысу.

Пайымдауы

Базалық мұнай-химия жобаларының портфелін басқаратын тұрақты және табысты компания, кешенді жобаларды іске асыру саласында тәжірибесі бар құзыретті серіктес.

Дағдарыстан мүмкіндіктерге

Қазақстанның химия өнеркәсібі соңғы 20 жылда жұмыс көлемінің қысқаруынан бастап толық іркіліске дейін түрлі өзгерістерге ұшырады және «Біріккен химиялық компания» ЖШС құру кезінде негізгі мақсат химия саласын толығымен қайта жаңғырту болып табылады.

Нәтижесінде шаралар қабылданды:

  • жұмыс істеп тұрған отандық химиялық кәсіпорындарды жаңғырту және химиялық өнімнің 20-дан астам жаңа түрлерінің өндірісін ұйымдастыру бойынша;
  •  жоғары қосылған құны бар жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған және инновациялық өнім шығаруға бағытталған химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті өндірістерін дамыту бойынша;
  • Қазақстанда бұрын өндірілмеген өнімдерді — натрий цианиді, калий сульфаты, кальциленген сода, полипропилен және пропиленоксид, полиэтилен, поливинилхлорид, терефтал қышқылы, бетонға арналған суперпластификаторлар, майларға арналған қоспалар, флотореагенттер және басқа да өнімдер шығару үшін жобаларды жолға қою бойынша;

Бүгінгі таңда «Біріккен химиялық компания» ЖШС 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Олардың арасында бұрынғы және жаңартылған өндірістер бар және де  еліміздің химия өнеркәсібін дамыту үшін негіз болатын Қазақстан үшін мүлдем жаңа кәсіпорындар бар.

 Біз инфрақұрылым құрып, «зәкірлі» химиялық өндірістерді іске қосамыз, сол арқылы шағын және орта бизнес үшін жағдай туғызып, олар біздің өнімдерімізді қайта өңдеу бойынша өзара байланысты немесе аралас химия өндірістерін немесе еркін экономикалық аймақтарда жұмыс істейтін басқа да компанияларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Біздің компания-химия саласы бойынша үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның негізгі операторы.

Адамдарға деген қамқорлықпен, табиғатқа деген сүйіспеншілікпенн

Біз қазір сенімді негіз құра отырып, біз ең жақсы болашақты қамтамасыз етеміз және Қазақстанның халықаралық химия нарығындағы жетістігін жақындатамыз деп сенеміз.

Компанияда саланың үздік мамандары мен өз ісінің нағыз шеберлері еңбек етеді. Жобаға өз кәсібін сүйетін және ең батыл идеяларды іске асыруға қабілетті мамандар шақырылады.

Қазір компания тобында жемісті еңбек ету үшін барлық жағдай жасалған, біз өз қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен қорғалуына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға қамқорлық жасадық.

Ресурстарды жауапты бөлу біздің компаниямыз, қызметкерлеріміз бен серіктестеріміз үшін маңызды. Біз өндірістік нысандар орналасқан аумақтардың флорасы мен фаунасына зиян келтірмейтін тиімді және ұтымды технологияларды енгізу жұмысын тоқтатпаймыз.

Close Menu