Аналитика

Химия өнеркәсібі саласындағы қазақстандық арнайы экономикалық аймақтар

Қазақстандағы бірінші арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) — Лисаковск (Қостанай облысы), Жайрем-Атасу (Жезқазған облысы), Алакөл және Жаркент (Талдықорған облысы) және «Атакент» еркін сауда аймағы (Алматы қ.) 1991 жылы пайда болды.

Бірақ арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуінің құқықтық және ұйымдық қамтамасыз етуін жетілдірілмегендігінен олардың қызметі тиімсіз және сондықтан әрі қарай олар жеңілдетілді.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі [1].

Осы заңға сәйкес, арнайы экономикалық аймақтар қазіргі заманғы өнімділігі жоғары әрі бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, экономика салаларына және өңірлерге инвестицияларды, жаңа технологияларды тарту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды жоғарлату мақсатында құрылады және Қазақстан Республикасының ерекше құқықтық режимі қолданылатын ерекше аумағын білдіреді.

Арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты орталық немесе жергілікті атқарушы органдар, арнайы экономикалық аймақты құруда мүдделі заңды тұлғалар уәкілетті органға (қазіргі уақытта – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен талаптарға сәйкес рәсімделген арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ұсына отырып, енгізеді.

Уәкілетті орган мынадай жағдайларда арнайы экономикалық аймағын құру туралы ұсынысты қабылдамауға құқылы:

  • арнайы экономикалық аймақты құрудың мақсатқа сай болмауы;
  • арнайы экономикалық құру туралы ұсыныстың мемлекеттік экономикалық саясат басымдықтарына сәйкес келмеуі;
  • ұсынылған материалдардың толық болмауы немесе дәйексіздігі;
  • ұсыныстың қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеуі;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адам өмірі мен денсаулығын қорғау қажеттілігінде; тарихи-мәдени мұра объектілерін жою қауіпі және бүлдіру жағдайында және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайында.

Бірақ арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты қабылдамау оны құру туралы келесі өтініш беруге бөгет болмайды.

Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақты құрудың мақсатқа сай екендігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, оны құру туралы ұсыныс енгізген тұлғалар хабарлама алған күннен алты ай ішінде қоршаған ортаға әсер етуді бағалаумен бірге құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауды қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен бірге, дайындалған техникалық-экономикалық негіздемесі болжамды қаржылық-экономикалық және әлеуметтік салдарын, негіздемесін, арнайы экономикалық аймақ құрудың мақсаттылығын және нәтижесін бағалауды қамтуы тиіс.

Уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдардан техникалық-экономикалық негіздемеге оң қорытындылар алғаннан кейін алты күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметіне арнайы экономикалық аймақ тұжырымдамасын, техникалық-экономикалық негіздемесін және оның қоршаған ортаға әсерін бағалауды қоса бере отырып, арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты енгізуі тиіс.

Арнайы экономикалық аймақты құру және оның құрылу мақсаттарына сәйкес келетін басым құызмет түрлері туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша қабылдайды.

Арнайы экономикалық аймақ туралы ереже, тиісті арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуінің нысаналы индекаторлар, нысаналы индекаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі Қазақстан Республикасының Президентімен бекітіледі.

Барлық арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары үшін мынадай жеңілдіктер қарастырылған:

  • корпоративтік табыс салығынан босату;
  • жер салығынан босату;
  • мүлік салығынан босату;
  • Арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде толық қолданатын, Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған тауарлар тізбесі бойынша тауарларды іске асыру кезінде қосылған құн салығы нөлдік ставкамен алынады.

Басқа жеңілдіктер:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсат беру, бірақ ішкі еңбек нарығынан кандидатура іздемей, жеңілдетілген тәртіпте;
  • 10 жыл мерзімге дейін жобаны іске асыру үшін жер учаскелерін тегін ұсыну

Сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА және «Астана – жаңа қала» АЭА қатысушылары үшін қосымша салық жеңілдіктері бар.

Салық жеңілдіктерін алу шарттары:

  • арнайы экономикалық аймақ аумағында салық төлеуші ретінде тіркелу;
  • арнайы экономикалық аймақ шегінен тыс құрылымдық бөлімшелерінің болмауы;
  • жиынтық жылдық кірісінің кем дегенде 90% («Инновациялық технологиялар паркі» АЭА үшін — 70%) арнайы экономикалық аймақтың басым қызмет түрлері бойынша өзінің өндірген тауарларын іске асырудан түскен кірістерді құрауы тиіс.

Қазіргі уақытта республикада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен он арнайы экономикалық аймақ құрылды (сур.).

Сурет. Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар

Қазақстанда құрылған он арнайы экономикалық аймақтың үшеуінің — «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА, «Палодар» АЭА және «Тараз химиялық паркі» АЭА-ның басым қызмет түрі ретінде химия және мұнай-химия өндірісін құру және дамыту болып айқындалды. (кесте 1) [2–4].

1-кесте. Химия өнеркәсібі саласындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы жиынтық ақпарат

Көрсеткіш «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА «Павлодар» АЭА «Тараз химиялық паркі» АЭА
Орналасқан жері Атырау облысы * Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік ауданы** Жамбыл облысы Шу ауданы***
Құрылу жылы 2007 2011 2012
Қолданылу мерзімі 2032 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2036 жылғы 1 желтоқсанға дейін 2037 жылғы 1 қаңтарға дейін
Алып отырған ауданы 3475,9 га 3300 га 505 га
Басым түрлері деятельности
  1. Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі;
  2. мұнай –химия өнімдерінің өндірісі;
  3. жобалық-сметалық құжаттама шегінде, арнайы экономикалық аймақты құру және жұмыс істеуі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылыс объектісі арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетіні туралы қорытындысы ның бар болуы жағдайында осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын-да көзделген объектілердің құрылысы және пайдалануға енгізу,
  1. 1. Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі;
  2. 2. Мұнай-химия өнімдерінің өндірісі, сондай-ақ ілеспелі сабақтас өндірістер және технологиялар өнімдері.
  1. Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі;
  2. Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі;
  3. Өзге бей металл минералды өнімнің өндірісі;
  4. Машиналар және химия өндірісі үшін жабдықтардың өндірісі;
  5. Жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес салу және тікелей химия өнеркәсібі өнімдерінің, резеңке және пластмассалық бұйымдарының, сондай-ақ өзге бейметалл минералды өнімдердің, химиялық өндіріс мақсаттары үшін машиналардың және жабдықтардың өндірісіне арналған өнеркәсіптік объектілердің мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдау актісінің негізінде пайдалануға беру.

Ескертпе:

— «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА Атырау облысында бірнеше алаңда орналасқан, атап айтқанда, Қарабатан станциясы ауданында орналасқан алаңда полиэтилен және пропилен өндірісі бойынша мұнай-химия кешенінің құрылысы көзделген. Атырау қаласының өнеркәсіптік аймағында, Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағының артында орналасқан алаңда ауданы 285 га технопарк салынады;

**— «Павлодар» АЭА Павлодар облысында «Каустик» ЖШС-ның консервацияланған алаңдарында орналасқан;

***— «Тараз химиялық паркі» АЭА Жамбыл облысында Шу қаласынан 15 км-де орналасқан.

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы.».

Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 495 Жарлығына сәйкес осы АЭА:

1) қосылған құны жоғары көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу және кеңінен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру мен дамыту жөнінде серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

2) мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктерінің негізінде мұнай-химия өндірістерін салуға және оларды кешенді дамытуға инвестициялар тарту;

3) өзара байланысты, тиімділігі жоғары және инновациялық жаңа мұнай-химия өндірістерін салу;

4) қазақстандық мұнай-химия өнімінің өндіру мен өткізудің жалпы әлемдік жүйесіне кірігуін жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға (ИСО) сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық мұнай-химия өнімін жасау;

5) мұнай-химия өндірістерін және көмірсутек шикізатын тазалау, тереңдете өңдеу жөніндегі технологияларды құру мен жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобалар әзірлеу және іске асыру;

6) халықаралық стандарттарға сәйкес мұнай-химия өндірістері үшін мамандар даярлау және қайта даярлау мақсатында құрылады.

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында мұнай-химия өндірісін құру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру екі кезеңді білдіреді.

АЭА дамуының бірінші кезеңі базалық мұнай-химия өнімінің өндірісін көздейді, ол өз кезегінде жоғары қайта өңдеудің мұнай-химия өнімінің өндірісі үшін шикізат болуы тиіс. Осы мақсатта қазіргі уақытта АЭА аумағында бастапқыда Теңіз ГӨЗ шикізатына, содан кейін Қашаған және Қарашығанақ [5] шикізат ресуртарын қолдану арқылы этанды, этиленді, полиэтиленді, пропиленді, полипропиленді шығару бойынша интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы жүргізілуде.

АЭА дамуының екінші кезеңі бірінші кезеңнің бастапқы шикізатынан жасалған қосылған құны жоғары инновациялық өнімнің (синтетикалық каучук, талшықтар, шайырлар, жаңа композициялық материалдар және т.б.) өндірісіне бағдарланған индустриялық мұнай-химия технопаркінің құрылысын көздейді.

Индустриялық мұнай-химия технопаркінде мынадай өндірістерді орналастыру болжамдалады: арнайы қасиеттері бар полимерлі өнімді, орама өнеркәсібі үшін полимерлік пленкаларды, металдарды қаптау үшін пластмассалық түйіршіктерді, пластмассаларды қайта өңдеу үшін композитті материалдарды және модификаторларды дайындау; таза сұрыпты пластмассалық қалдықтарды және мұнай-химия кешенінің кондициялық емес өнімдерін кәдеге жарату және т.б.

Қазіргі уақытта АЭА аумағында үш ірі жоба іске асырылуда: Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын шығару бойынша (жылына 500 мың тонна битум), Атырау МӨЗ-де иісті көмірсутек өндіру жөніндегі кешен салу бойынша (жылына 133 мың тонна бензол және 496 мың тонна параксилол), сондай-ақ Атырау облысында Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу бойынша (жылына 500 мың тонна полипропилен және 800 мың тонна этилен) [5].

Қазіргі уақытта «Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарының өндірісі» жобасы аяқталу сатысында. Атап айтқанда, құрылыс алаңына қажетті жабдық – колонналар, пештер, сорғылар, жылу алмастырғыштар, сыйымдылықты және сепораторлық жабдықтың, сондай-ақ ауа салқындатқыш аппараттарының негізгі бөлігі және т.б. әкелінді. Битум өндірісін пайдалануға беру 2013 жылға жоспарланып отыр.

Атырау мұнай өңдеу зауытында иісті көмірсутек өндіру жөніндегі кешеннің құрылыс алаңдарында қазіргі уақытта қадаларын қағу, іргетас астына негіздерін қондыру, іргетастарды гидрооқшаулау және т.б. сияқты жалпы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Иісті көмірсутек өндіру жөніндегі кешенді пайдалануға беру 2014 жылға жоспарланған.

Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы екі фазадан тұрады. Бірінші фаза — полипропилен, екінші фаза — полиэтилен өндірісін құру. Қазіргі уақытта бірінші фаза бойынша негізгі технологиялық қондырғыларды, ішкі алаңдық желілерді және инфрақұрылым объектілерін жобалау жүргізілуде. Интеграцияланған газ-химия кешенінің бірінші фазасын пайдалануға беру 2015 жылға, екіншісі – 2016 жылға жоспарланып отыр.

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 495 Жарлығының нысаналы көрсеткіштеріне сәйкес осы АЭА-ны құру 2017 жылы 945 млрд. теңгеге дейін жалпы инвестициялар көлемін ұлғайтуға және 297,1 млрд. теңге, 2022 жылы тиісінше 950 және 1 369,1 млрд.теңге, 2029 жылы – 955 және 1 784, 1 млрд.теңге және де 2032 жылы – 960 және 1 878,5 млрд.теңге (2-кесте) сомасына өнім сатып алуға мүмкіндік береді.

2-кесте. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 жылдағы қол жеткізу 2022 жылдағы қол жеткізу 2027 жылдағы қол жеткізу 2032 жылдағы қол жеткізу
НИ* ДД* НИ*> ДД* НИ* ДД* НИ* ДД*
Инвестициялардың жалпы көлемі млрд. теңге 945 472 950 475 955 478 960 481
соның ішінде:
Шетел инвестицияларының көлемі млрд. теңге 96,8 48 97,8 49 98,8 50 99,8 51
отандық инвестициялар көлемі млрд. теңге 848,3 424 852,3 426 856,3 428 860,3 430
АЭА аумағында тауарлар өндірісінің және қызметтер (жұмыстар) көлемі млрд. теңге 297,1 148,6 1 369,1 684,6 1 784,1 892,1 1 878,5 939,3
Қатысушылар саны бірл. 8 6 13 18 18 11 23 14
Көмекші қызмет түрін жүзеге асыратын тұлғалар саны адам 15 7 30 15 45 20 60 30
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны бірл. 440 220 490 245 540 270 590 295
АЭА аумағында жадпы өндіріс көлемінде қазақстандық қамту үлесі % 30 15 40 20 50 25 60 30

Ескертпе:

НИ* - нысаналы индикатор;

ДД* - дағдарысты деңгей .

Бұл ретте, кесетеден көретініміздей, АЭА аумағында өндірістік қызметін жүзеге асыратын компаниялар саны сегізден (2017 жыл) жиырма үшке (2032) дейін өседі. Бұдан басқа, 2017 бастап 2032 дейінгі жылдар кезеңінде басқа да нысаналы индикаторлар бойынша өсу жоспарланып отыр.

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы.

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 186 Жарлығына сәйкес осы АЭА:

1) химия, мұнай-химия салаларын, атап айтқанда жоғары технологиялық экологиялық қауіпсіз қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін дамыту;

2) шикізатты тереңдете өңдеу және қосымша құны жоғары бәсекеге кеңінен қабілетті өнімді шығару бойынша химия, мұнай-химия салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

3) өндіру мен өткізудің жалпыәлемдік жүйесіне қазақстандық өнімнің интеграциялануын жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнім жасау;

4) химия және мұнай-химия салаларында тиімділігі жоғары және инновациялық өндірістер, соның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру;

5) қолайлы инвестициялық ахуал құру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестициялар тарту мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері негізінде химия, мұнай-химия салаларын кешенді дамыту;

6) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне енуін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту;

7) басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;

8) әлеуметтік мәселелерді шешу, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында құрылады.

«Павлодар» АЭА аумағында инфрақұрылымдар құрылысының жобасына сәйкес 2013 жылдың екінші жартысынан басталады және үш жылдан кейін аяқталады. Инфрақұрылым кеден бекеттерін, қоғамдық-коммуналдық мақсаттағы объектілерді, сумен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, қалдықтарды сақтау қоймаларын, авто жолдарды және ауданы 1,6 га беті қатты тротуарларды, ұзындығы 5,7 км теміржолдарды қамтитын болады. [6].

АЭА аумағында базалық ретінде қазақстандық шикізат қолданылатын болатын алюминий тотықхлоридін, кальций гипохлоридін, үшхлорлы және бес күкіртті фосфорды, ингибаторларды, поливинилхлоридті, қатты хлорлы парафиндерді және т.б. өндіру бойынша 20 астам жаңа кәсіпорын құрылу жоспарланып отыр. Көрсетілген химикаттардың әрқайсысын шығару бойынша зауыттар қуаты орташа жылына 12 ден 80 дейін тоннаны құрайды [6].

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 186 Жарлығының нысаналы көрсеткіштеріне сәйкес осы АЭА құру салаға 67,4 млрд. теңгеге дейін инвестициялардың жалпы көлемін ұлғайтуға және 5 млрд.теңге сомасына өнім шығаруға мүмкіндік береді. Бірақ келесі жылдары кезекті уақыт аралықтарында инвестициялар көлемі 257,3 млрд. теңгені құрайтынына қарамастан, олардың қайтарылымы 2020 жылы – 413,2 млрд. теңгені, 2025 жылы — 1042,4 млрд. теңгені, 2030 жылы — 1071,2 млрд. теңгені, және 2037 жылы — 2 551,8 млрд. теңгені құрайды. (3-кесте).

3-кесте. «Павлодар» арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2015 жылға қол жеткізу, соның ішінде 2020 жылға қол жеткізу, соның ішінде 2025 жылға қол жеткізу, соның ішінде 2030 жылға қол жеткізу, соның ішінде 2037 жылға қол жеткізу, соның ішінде
НИ* ДД* НИ* ДД* НИ* ДД* НИ* ДД* НИ* ДД*
Инвестициялардың жалпы көлемі млрд. Теңге 67,4 6 257,3 25 257,3 25 257,3 25 257,3 25
соның ішінде:
шетел инвестицияларының көлемі млрд.теңге 12,5 1,3 49,5 5 49,5 5 49,5 5 49,5 5
отандық инвестициялар көлемі млрд. теңге 54,9 5 207,8 20,2 207,8 20,2 207,8 20,2 207,8 20,2
АЭА аумағында тауарлар өндірісінің және қызметтер (жұмыстар) көлемі млрд.теңге 5 1 413,2 41 1042,4 104 1071,2 130 2 551,8 130
Өңірдегі өңдеу өнеркәсібіне инвестициялардың жыл сайынғы өсімі % 5 3 7 5 7 5 10 7 10 7
Қатысушылар саны бірл. 5 3 8 5 8 5 8 5 8 5
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны бірл. 500 200 1000 450 1500 750 1885 1000 1885 1250
АЭА аумағында жалпы өндіріс көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі % 50 30 65 50 70 60 75 65 80 65
АЭА аумағында өндірістің жалпы көлеміндегі өнім экспортының үлесі % 10 5 20 10 30 20 40 30 50 40
Еңбек өнімділігін арттыру есе 1,5 1,2 1,7 1,5 1,9 1,7 2 1,9 2,5 2

Ескертпе:

НИ* - нысаналы индикатор;

ДД* - дағдарысты деңгей .

Кестеден көретініміздей,

Бұл ретте, кестеден көретініміздей, 2015 жылдан бастап 2037 жылға дейін АЭА аумағында өндірістік қызметін жүзеге асыратын болатын компаниялар санының (бестен сегізге дейін) болмашы ұлғаюна қарамастан, құрылған жұмыс орындарының саны 500 ден 1 185 дейін өседі, бұл сол өңірдің химия мамандарының арасындағы жұмыссыздар санының азаюына әкелері сөзсіз. Бұдан басқа, 2015 тен 2037 дейінгі жылдар аралығында басқа да нысаналы индикаторлар бойынша өсім жоспарланып отыр, атап айтқанда, АЭА аумағында жалпы өнідіріс көлеміндегі өнім экспортының үлесі 10% дан 50% дейін өседі деп жоспарланып отыр.

«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы.

«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 426 Жарлығына сәйкес осы АЭА Қазақстан Республикасында жоғары тиімді технологиялар негізінде химия өнімдерінің жаңа өндірістерін қалыптастыру мақсатында құрылады.

АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:

1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

2) резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару;

3) өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiру;

4) химиялық өндіріс үшін машиналар және жабдықтар шығару;

5) жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес тікелей химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісіне, резеңке және пластмасса бұйымдарына, сондай-ақ металл емес минералды басқа да өнімдер, химиялық өндірістер мақсаттары үшін машиналар мен жабдықтарға арналған өнеркәсіптік объектілерді салу және мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдау актісінің негізінде пайдалануға енгізу болып табылады.

АЭА құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2012 жылдың аяғында шықаннына қарамастан, бүгінде осы бағытта айтарлықтай алдын ала жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, АЭА құрудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жамбыл облысы Шу ауданында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймақты орналастыру үшін жер учаскесін бөлуді қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылғы 20 сәуірде «Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Үкіметтің № 499 қаулысы қабылданды. Алаңнан тыс инфрақұрылымдық желілердің (авто және темір жол, ЭБЖ) құрылысына жер учаскелерінің жерге орналастыру жобалары әзірленді. Құрылатын АЭА-ның қоршаған ортаға әсер етуін бағалау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Бұдан басқа, АЭА аумағында химия өнеркәсібін құруға қатысу мақсатында әлеуетті инвесторлармен және лицензиарлармен бірқатар кездесулер өткізілді.

«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 426 Жарлығының нысаналы көрсеткіштеріне сәйкес осы АЭА құру 2015 жылға қарай 82,5 млрд.теңгеге дейін инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді, 2020 жылға инвестициялардың жалпы көлемі 124,5 млрд.теңгені, ал өндірілген өнім көлемі 292,6 млрд.теңгені құрауы тиіс. (4-кесте). 2025 тен 2037 жылдар кезеңіндегі бесжылдық уақыт бөліктерінде 403,5 млрд.теңге тартылатынына қарамастан, АЭА аумағында тауарлар және қызметтер (жұмыстар) өндірісінің көлемі 2025 жылға қарай 1 561 млрд. теңгені, 2030 жылға қарай – 2 872 млрд. теңгені және 2037 жылға қарай – 4 707 млрд. теңгені құрайтын болады деп жоспарланып отыр (4-кесте).

4-кесте. «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2015 жылға қол жеткізу, соның ішінде 2020 жылға қол жеткізу, соның ішінде 2025 жылға қол жеткізу, соның ішінде 2030 жылға қол жеткізу, соның ішінде 2037 жылға қол жеткізу, соның ішінде
НИ* ДД* НИ* ДД* НИ* ДД* НИ* ДД* НИ* ДД*
Инвестициялардың жалпы көлемі млрд. Теңге 82,5 15 124,5 50 403,5 200 403,5 200 403,5 200
соның ішінде:
Шетел инвестицияларының көлемі млрд. теңге 41,2 7,5 62,2 25,0 201,7 100 201,7 100 201,7 100
Отандық инвестициялар көлемі млрд. теңге 41,2   7,5   62,2   25,0   201,7 100 201,7 100 201,7 100
АЭА аумағында тауарлар өндірісінің және қызметтер (жұмыстар) көлемі млрд. теңге 0,0     0,0     292,6     92,9     1 561 442,3 2 872 856,4 4 707 1 436,3
Өңірдегі өңдеу өнеркәсібіне инвестициялардың жыл сайынғы өсімі % 40     10     152     95     166 136 166 136 166 136
Қатысушылар саны б і р л. 7 3 15 12 15 13 15 14 15 15
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны б і рл. 172   115   1190   819   1430 1001 1430 1001 1430 1001
АЭА аумағында жалпы өндіріс көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі % 0   0   50   30   60 40 70 50 80 60
АЭА аумағында өндірістің жалпы көлеміндегі өнім экспортының үлесі % 0   0   16   8   38 19 45 22 47 24
Еңбек өнімділігін арттыру есе 0   0   1,5   1,3   1,8 1,6 2,0 1,8 2,2 2

Ескертпе:

НИ* - нысаналы индикатор;

ДД* - дағдарысты деңгей .

Бұдан басқа, 2015 тен 2037 дейінгі жылдар кезеңінде АЭА аумағында өндірістік қызметін жүзеге асыратын компаниялар саны екі еседен артық көбееді (жетіден он төртке дейін) және оның салдарынан жұмыс орындарының саны 172 ден 1430 дейін ұлғаюына әкеледі. Жамбыл облысы жататын Оңтүстік Қазақстанда республика бойынша жұмыссыздық деңгейі ең жоғары екенін есепке алсақ, АЭА құру және дамыту оның төмендеуіне оң әсерін тигізері сөзсіз.

Осылайша, жоғарыда келтірілген материалдардан, қазіргі уақытта Қазақстанда отандық химия өнеркәсібін дамыту бойынша құралдардың бірі арнайы экономикалық аймақ ретінде айқындалды. Осы кезде республикада негізінен тек АЭА инфрақұрылымын қалыптастыру жүзеге асырылып жатқанын ескерсек, мұндай тәсілдердің тиімділігі туралы олардың аумағында химия өнімін шығаратын өндіріс жұмыс істей бастағаннан кейін айтуға болады.

ӘДЕБИЕТ

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 469-IV ЗРК Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығы;

3. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011жылғы 29 қарашадағы № 186 Жарлығы;

4. «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 426 Жарлығы;

5. www.atyrau-sez.kz.

6. www.sezpavlodar.kz.

Мақала:

А. А. Мейрманова — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің химия ғылымдарының кандидатымен, доцентімен,

В. П. Дзекунов - химия ғылымдарының кандидатымен, доцентімен, «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның Техникалық сүйемелдеу департаментінің бас менеджерімен дайындалды.

«Біріккен химиялық компания» ЖШС тұрақты негізде химия саласында зерттеулер жүргізеді. Осы бөлімде осындай зерттеулердің нәтижелері көрсетіледі.


   Қазақстанда химия мамандарының дайындығы: күйі, проблемалары және перспективалары   
   Қазақстанның химия өнеркәсібі: 2012 жылдың қорытындысы   

IV Еуразиялық Энергетикалық Форумдағы баяндама

Химия өнеркәсібін ғылыми-техникалық қамсыздандыру: әлемдік тәжірибе және қазақстандық әлеует.

Қазақстанның химия кешені:

Химия және ТКМК интеграция жолымен. Т.Муханов, В.Дзекунов

Нафталин негізінде бетонға арналған суперпластификаторлар. Д.Е.Жунуспаев, В.П.Дзекунов, М.К.Наурызбаев

Құрамында күкірт бар қалдықтар химия өнеркәсібі үшін перспективалық шикізат ретінде. В.П.Дзекунов, Д.М.Кудабеков

Химия өнеркәсібіндегі брендті әзірлеу және жылжыту. Д.Тен, В.П.Дзекунов, М.Наурызбаев.

Нанохимия нанотехнологиялар негізі ретінде. В.Дзекунов, А.Мейрманова, А.Кокетаев

Нанотехнологиялар: дамудың әлемдік тенденциялары және казақстандық әлеует. Ю.Анощенко, В.Дзекунов, М. Наурызбаев

Әлемдік технологиялық жол карталары. В.Дзекунов, Р.Жактаева

Білім беру мен ғылымды интеграциялау отандық химия өнеркәсібінің иновациялық дамуына қажетті шарт. М.Наурызбаев және басқалары

Күкірт қышқылын кесек күкірттен алу.

2011 ж. 8 сәуір — Химия саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік ....

Күкірт және оның қосындыларын қайта өңдеудің экологиялық таза технологиялары

Форсайт — келешекке катысты тын корегендік

Форсайт — новое предвидение будущего

Мақала — Технологиялық карталар.

Ақпараттық технологияларды қолдану.

Шунгиттік жыныстарын практикалық қолдану.

ҚР ел брендингін құру тәсілдері.

Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі – ахуалы және даму жолы.

RЕACH химиялық өнімі бойынша жаңа еуропалық регламент енгізілді.

2010 жылғы шілдедегі РТБ жаңалықтары.

2010 жылғы маусымдағы РТБ жаңалықтары.

Калий бизнесі

Қазақстандағы химия саласының 2009 жылғы көрсеткіштері

Күкірттің әлемдік өндірісі және нарығы

Қытайдағы минералдық тыңайтқыштар нарығы

ТМД елдеріндегі суперфосфат өндірісі және нарығы

Дүниежүзілік химия өнеркәсібіне бірітіндеп көтермелеуді болжайды.

РТБ үшін Rhein Chemie шешімдері.

Қолданылған шиналар импортына тыйым салынуы мүмкін.

ЕНШІЛЕС
ҰЙЫМДАР
  • TOO "Karabatan Utility Solutions"
  • ТОО «KLPE» (КейЭлПиИ)
  • ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc."
  • Polymer Production
  • ТОО «СП СКЗ КАЗАТОМПРОМ»!
  •  «ХИМ-плюс»
  • ТОО «СЭЗ. Химический парк Тараз»