Қызмет нәтижелері

2013 жылы компания қызметінің негізгі түрі инвестициялық қызмет болды, оның шеңберінде БХК мынадай жобаларды басқаруды жүзеге асырды:

1) Ақмола облысындағы қуаты жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытының реконструкциясы:

— құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізілуде, Десмет Баллестр негізгі технологиялық жабдығын жеткізу аяқталды.

— буды кәдеге жарату проблемасы шешілді — энергия кешенін қондыру.

2) Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы, Бірінші фаза (полипропилен):

— ұзындығы 5,2 км кіреберіс автожолы аяқталды (Мемкомиссия актісіне қол қойылды);

— ПС 110/35 трансформаторлық станциясының іргетасы бойынша жұмыстар аяқталды, порталдар тұрғызылуда;

— тігінен жоспарлау аяқталды.

3) Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы, Екінші фаза (полиэтилен):

— корея (K-EXIM және K-SURE) және еуропалық (Euler Hermes, UK Export Finance) экспорттық-кредиттік агенттіктер қаражаты есебінен қарыз қаражатын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

4) Атырау облысындағы полимерлік өнімдер өндірісі:

— ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды;

— мердігерлерді жұмылдыру жүргізілді: 200 орынға вахталық кент ұйымдастырылды;

— құрылыс жұмыстары жүргізілуде: жер жұмыстары аяқталды; темірбетон тіреуіштерін орнату жүргізілді; ПГС қондыру орындалды; қиыршық тас негізін қондырғысы, бетондық дайындық бойынша жұмыстар орындалды;

— құрылыс материалдары әкелінді (арматура, тегістеуіш, мүйістегі шеңбер, қиыршық тас, ПГС и битум);

— объектте 19 техника бірлігі іске қосылды.

5) «Тараз химиялық паркі» АЭА құру:

— жоба ТЭН-і әзірленді және «Мемсараптама» РМК-ның қорытындысы алынды;

— АЭА-ның негізгі және сыртқы учаскелерінің жерге орналастыру жобалары әзірленді;

— ЖСҚ-ны әзірлеу басталды.

6) Глифосат, үшхлорлы фосфор, каустикалық сода және хлор өндірісі:

— заң жөніндегі консультант айқындалды. Morgan Lewis-пен шарт жасалды;

— «БХК Инжиниринг» ЖШС компаниясымен 0 Кезеңде Жобаларды басқару жөніндегі консультациялық қызметтерді көрсету шарты жасалды;

— «Каустикалық сода және хлор өндірісі», «Үшхлорлы фосфор өндірісі» және «Глифосат өндірісі» жобаларының ТЭН-іне «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды;

— ЖСҚ шеңберінде дайындық жұмыстары басталды, өндіріс технологиясының лицензиарларымен және жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілуде.

7) Натрий цианиді өндірісі:

— натрий цианиді өндірісінің әлеуетті лицензиарларымен, ЕРС мердігерлерімен келіссөздер жүргізілуде.

8) Калий сульфатының өндірісі:

— Қазақстан Республикасының Президенті жанында тау-кен металлургиялық сала, геология, қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңесте «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы» мәселе қарастырылды.

— жобаның бастапқы ТЭН-і әзірленді.

9) Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан шикізат базасында мұнай-химия өндірісін ұйымдастыру (үшінші фаза):

— бастапқы ТЭН әзірленді;

— КРО B.V. және NCOC шикізаттарын жеткізушілермен келіссөздер жүргізілуде.

10) Бутадиен және синтетикалық каучуктер өндірісі:

— шикізатты (бутан) жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде;

— ТЭН-ді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

11) Инжинирингтік қызметтерді көрсету:

— химия өндірістерін жобалауға лицензия алынды (Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі);

— III санатттағы жобалық қызметті жүзеге асыруға лицензия алынды (Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі);

— мұнай-химия өндірісін жобалауға лицензия алынды (Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі);

— қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды және қызметтерді орындауға лицензия алу (Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі);

— 4 жоба орындалды, орындау процесінде 11 жоба, бұл ретте жобалар портфелі 17 млн. долларға жетеді.

ЕНШІЛЕС
ҰЙЫМДАР
  • TOO "Karabatan Utility Solutions"
  • ТОО «KLPE» (КейЭлПиИ)
  • ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc."
  • Polymer Production
  • ТОО «СП СКЗ КАЗАТОМПРОМ»!
  •  «ХИМ-плюс»
  • ТОО «СЭЗ. Химический парк Тараз»