Түйінді фактілер

1) Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы — Бірінші фаза (полипропилен):

2011 жылғы, ақпанда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және Қытай «Эксимбанкі» арасында жобаның бірінші фазасын қаржыландыру туралы кредиттік келісім жасалды.

2) Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы — Екінші фаза (полиэтилен):

2011 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бакпен ресми кездесу барысында жобаның екінші фазасын бірлесіп іске асыру мақсатында қазақстандық және кореялық тараптар арасында бірлескен кәсіпорын (joint venture agreement) туралы келісімге қол қойылды.

Осы жылғы желтоқсанда «LG Chem Ltd» жобаның екінші фазасы бойынша жобалық компания қатысушыларының құрамына кірді.

3) Степногорск қаласындағы өндірістік қуаттылығы жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытының реконструкциясы:

2011 жылғы тамызда «Қазатомөнеркәсіп КҚЗ БК» ЖШС және Еуразиялық Даму Банкі арасында жобаны қаржыландыру үшін кредиттік шартқа қол қойылды.

2011 жылғы қарашада бас мердігер — «Құлагер» құрылыс корпорациясы» ЖШС айқындалды.

2011 жылғы желтоқсанда құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне рұқсат алынды. Жобаның құрылыс алаңында бас мердігер күшін жұмылдыру басталды.

2011–2013 жылдары Компания мынадай жобаларды басқаруды жүзеге асырды:

2011 жыл

1. Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы — Бірінші фаза (полипропилен):

  • жобаның бірінші фазасын қаржыландыру туралы кредиттік келісім жасалды;
  • инфрақұрылым объектілерін жобалау аяқталды;
  • инфрақұрылым объектілері бойынша құрылыс жұмыстары жалғастырылды;
  • негізгі технологиялық қондырғыларды және алаң ішіндегі желілерді жобалау бойынша жұмыс басталды;
  • жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстар басталды.

2. Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы – Екінші фаза (полиэтилен):

  • стратегиялық әріптесті — «LG Chem Ltd.» таңдау жүзеге асырылды;
  • «LG Chem Ltd» жобаның екінші фазасы бойынша жобалық компания қатысушыларының құрамына кірді;
  • техникалық және экономикалық жағынан жобаның екінші фазасын бөлу мақсатында техникалық-экономикалық негіздемені жаңарту аяқталды.

3. Ақмола облысындағы (Степногорск қ.) өндірістік қуаттылығы жылына 180 000 тонна күкірт қышқылы зауытының реконструкциясы:

  • жобаны қаржыландыру туралы шартқа қол қойылды, кредиттік шарт бойынша бірінші үлесті несие алынды;
  • құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша бас мердігер айқындалды;
  • құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісіне рұқсаттама алынды;
  • құрылыс алаңында бас мердігердің күшін жұмылдыру басталды;
  • БХК және «Қазатомөнеркәсіп КҚЗ БК» ЖШС арасында күкіртті жеткізу комиссиясы шарты жасалды;
  • күкірт қышқылын жеткізуге өнімді пайдаланушылармен бірқатар шарттарға қол қойылды.

4. Фосфорит концентратын өндіруге арналған суспензиялық-флотациялық фабриканың реконструкциясы

  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның БХК пысықтаған және ұсынған жобаны қаржыландыру схемасының алдын ала мақұлдануы алынды.
  • баға бойынша тиімді қазақстандық қамтылған материалдарды міндетті қолдану жағдайында жаңа технологиялық схеманы сынау бойынша жұмыстар басталды;
  • бөлшектеу жұмыстарын жүргізу және жоба алаңын дайындау жалғастырылды.

2012 жыл

2012 жылғы наурызда «Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы — 2-фаза (полиэтилен)» жобасын қаржыландыруға қатысты корея экспорттық-кредиттік агенттіктерімен («K-SURE» және «K-EXIM») Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Наурызда БХК «Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы — 2-фаза (полиэтилен)» жобасының операторы — «KLPE (КейЭлПиИ)» ЖШС (бұдан әрі — «KLPE» ЖШС) қатысушыларының құрамына кірді.

Сәуірде БХК «ҚазМұнайГаз БӨ» АҚ-дан «KPI Inc.» ЖШС-ында қатысу үлесінің 51% сатып алды (2009 жылғы қазаннан бері — Компанияның сенімгерлік басқаруында);

Мамырда БХК және «Jurong International Holding Pte» компаниясы (Сингапур) арасында Қазақстан Республикасындағы химиялық технопарктерді басқару бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық және химия өндірісі үшін мамандарды дайындау туралы меморандумға қол қойылды.

Маусымда Компанияның 2020 жылға дейінгі Инновациялық-технологиялық даму стратегиясы қабылданды;

Шілдеде мамандандырылған инжирингтік компания «БХК Инжиниринг» ЖШС құрылды.

Қыркүйекте «Глифосат (гербицид) өндірісі», «Каустикалық сода және хлор өндірісі» және «Үшхлорлы фосфор өндірісі» жобаларының ТЭН-і нәтижелері мақұлданды;

Қыркүйекте БХК «Полимер Продакшн» ЖШС қатысушыларының — Атырау облысындағы полимерлік өнімдер өндірісінің жоба операторы құрамына кірді;

Қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Тараз» химиялық паркі» АЭА құрылды;

Желтоқсанда «ХИМ-плюс» ЖШС — үшхлорлы фосфор, каустикалық сода, хлор және глифосат өндірісінің жобалар операторы құрылды.

ЕНШІЛЕС
ҰЙЫМДАР
  • TOO "Karabatan Utility Solutions"
  • ТОО «KLPE» (КейЭлПиИ)
  • ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc."
  • Polymer Production
  • ТОО «СП СКЗ КАЗАТОМПРОМ»!
  •  «ХИМ-плюс»
  • ТОО «СЭЗ. Химический парк Тараз»