Әлеуметтік жауапкершілік

БХК кадрлық саясатын жүзеге асыру Бақылау кеңесімен 2013 жылғы 29 қазанында бекітілген БХК Кадрлық саясатына сәйкес жүзеге асырылды, хаттама № 13/13.

Кадрлық саясаттың қайнар бағыттары:

1. Еңбек ресурстарының сапасын арттыру;

2. Еңбек тиімділігімен басқару;

3. Корпоративті мәдениетті дамыту;

4. Ұйымдастырушылық құрылымды басқару, бизнес-процесстерді тиімді ұйымдастыру.

Кадрлық саясатты жүзеге асыру БХК БК бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асырылады.

2013 жылы келесідей іс-шаралар жүзеге асырылған:

БХК 28 бос лауазымдарына орналасуға үміткерлердің конкурстық іріктеуі жүргізілді.

Конкурстық іріктеу нәтижесінде жұмысқа 28 адам қабылданған болатын, соның ішінде БХК ішінде ауысу тәртібімен 24 адам тағайындалды.

2012–2022 арналған БХК Стратегиялық дамуында белгіленген және қойылған мақсаттарды орындау тиімділігін бағалау және қызметінің маңызды көрсеткіштері негізінде БХК басқарушы қызметкерлерінің тиімділігін басқару жүйесіне тұрақты мониторинг жүрігізіледі. ҚКС карталары 2013 жылға арналған басқарушы қызметкерлерінің мақсатты мәндерімен 2013 жылғы 16 қыркүйекте Бақылау кеңесінің шешімімен бекітілген (хаттама № 09/13).

БХК әкімшілік қызметкерлерінің қызметін бағалау Ережелеріне және БХК Басқарма Төрағасының 2013 жылғы 11 қарашадағы № 110 «2013 жыл нәтижелері бойынша БХК әкімшілік қызметкерлерінің қызметіне бағалау жүргізу туралы» бұйырығына сәйкес БХК-да 2013 жыл нәтижелері бойынша әкімшілік қызметкерлердің қызметін бағалау жүргізілді, барлығы қызметін бағалаудан БХК 50 қызметкері өтті, оның ішінен 15- басқарушылық және жетекшілік персонал, 35- әкімшілік қызметкерлер.

Бағалау комиссиясы, отырыста ұсынылған материалдарды атқарып отырған лаузымдарына сәйкестігін зерттей отырып, бағаланып отырған қызметкерлерге жекелеген ұсыныстар берді:

— қызметкердің атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы — 50 қызметкер;

— жоғары тұрған санаттағы лауазымға орналасу үшін кадрлық резервке есепке алуға ұсыныс туралы — 16 қызметкер;

— қайталанатын аттестациялау туралы — жоқ;

— атқарып отырған лауазымына сәйкессіздігі туралы — жоқ.

БХК 24 қызметкері аттестациялануға жатпады (БХК-да 6 айдан аз жұмыс жасады).

Есепті кезеңде БХК-да тараптардың келісуі бойынша қызметкерлермен 11 еңбек келісім-шарттары бұзылған болатын.

Кадрлардың жоспарланған тұрақсыздығы 2013 жылға — 11,6%, ал 2013 жылға нақты кадрлық тұрақсыздығы 22,5%. 2012 жылмен салыстырғанда кадрлық тұрақсыздық 3,5% өсті.

Персоналдың қанағаттандырушылық деңгейін анықтау мақсатында (қызықтырушылық индексі) «Самрұқ-Қазына» Корпоративті университеті» Жеке мекемесімен 2013 жылдың тамыз-қыркүйек айларында сауалнамалау жолымен БХК персоналының қызықтырушылығына зерттеу жүргізілген болатын.

Саулнама нәтижесі бойынша негізгі аспектілер индекстері жалпы алғанда позитивті аймақта тұр:

— БХК персоналының қызықтырушылық индексі 83% құрады, бұл БХК жағдай жалпы алғанда тұрақты және белсенді түзету әрекеттерін талап етпейтінін көрсетеді;

— БХК қанағаттандырушылық индексі — 87%;

— персоналдың ықыластылық индексі — 82%;

— БХК бастамаларды қолдау индексі — 73%.

2012 жылмен салыстырғанда қызықтырушылық индекс 8%-ға өсті (2012 жылы қызықтырушылық индексі 75% құрады), 2012 жылмен салыстырғанда ықыластылық индексі 5%-ға өсті (2012 жылы 77% құрады), 2012 жылмен салыстырғанда бастамаларды қолдау индексі 5%-ға өсті (2012 жылы ол 68% құрады).

БХК корпоративті әлеуметтік жауапкершілік саласында саясат Бақылау кеңесінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы шешімімен бекітілді, хаттама № 16/13.

Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік аясында қызметкерлердің еңбегі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Адами капитал БХК-ның маңызды стратегиялық ресурсы болып табылады.

Еңбек, ақы төлеу және мансаптық өсу саласында БХК қызметкерлердің кәсіби қасиеттерін және қабілеттерін, олардың еңбек және қызметтің мақсатты көрсеткіштеріне жету нәтижелерін тануға негізделеді.

Мақсаттар Картасын орындаудан қызметкерлерді сыйақылау мөлшерін тәуелділеуді, сондай-ақ дамудың жекелеген жоспарларын әзірлеуді белгілейтін қызметкерлердің бағалау және сыйақылау жүйесі енгізілді.

Әлеуметтік қолдау көрсету Ережелеріне сәйкес БХК қызметкерлерімен жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын ұсынғанда сауықтандыру үшін, баланың тууымен/асырап алумен байланысты, қызметкердің/туыстарының өлімімен байланысты материалдық көмек көрсету, өзге көтерме төлемдер және қызметкер және оның жанұя мүшелері ауырған жағдайда еркін медициналық сақтандыру қарастырылған.

Қызметкерлердің кәсіби оқу және даму Ережелеріне сәйкес қызметкерге өз біліктілігін және білім-деңгейін арттыру мүмкіндігі беріледі.

2013 жылы жекелеген оқу іс-шараларында БХК 45 қызметкері қатысты.

Соның ішінде халықаралық іс-шараларда 2 қызметкер мына тақырыптар бойынша қатысты:

— Мәскеу қаласында өндірісті техникалық қайта жарақтандыру;

— Лондон қаласында материалдық техникалық қамту және тендерлерді өткізудің халықаралық тәжірибесі.

Сондай-ақ, 2013 жылы БХК-да 10 корпоративті семинарлар өткізілген болатын, мұнда жалпы алғанда БХК 72 қызметкері жұмылдырылды, ДЗО маңызды қызметкерлерінің қатысуымен. Соның ішінде 2013 жылдың сәуір айында Pascal Maenhout, INSEAD халықаралық деңгейдегі тренер профессордың қатысуымен «Корпоративті қаржылар» тақырыбында корпоративті семинар өткізілген болатын, осы семинар нәтижесінде БХК және ДЗО қызметкерлері тестілеу режимінде білімдерін бақылаудан өтті. Сондай-ақ өндірістен қызметкерлерді аз шығаруымен БХК кеңсесінде өткізілетін қызметкерлер үшін (тренерлерді шақырумен) корпоративті семинарлар өткізілді.

Жоспар 30 009 мың теңге болғанда игеру 29 997 мың теңге құрады.

БХК-да тұрақты негізде тағылымдамаларда, семинар-отырыстарда, конференцияларда, форумдарда, көрмелерде, симпозиумдарда, дөңгелек стөлдерде, жұмыс орнында оқуда, БХК-да жобаларды ендіру және жүзеге асырумен байланысты оқу бағдарламаларында, адаптациялық оқуда қатысу жолымен кәсіби ойлау және санасын дамытуда тұратын қызметкерлердің біліктілігін кешенді арттыру жүргізіледі.

2014 жылы Жекелеген даму жоспарына сәйкес біліктілігін арттыру бойынша оқыту іс-шараларында қызметкерлерін 100% қатыстыру және БХК қызметкерлерін дайындау және қайта дайындауға 34 723 мың теңге мөлшерінде сомасын игеру жоспарланып отыр.

Жобалық басқаруда БХК және ДЗО құзыретін дамыту аясында, жобаларды Басқару орталығының ішкі ресурстары есебінен:

- 2013 жылдың қыркүйек-қараша айларында БХК қызметкерлерінің 35 сағат көлемінде жобаларды басқару бойынша базалық тренингі өткізілді. Тестілеу нәтижесінде БХК 34 қызметкеріне сертификаттар берілді.

- БХК және ДЗО үшін жобалар кестесін басқаруда Microsoft Project 2013 қолдану бойынша 8 сағат көлемінде арнайы тренинг жүргізілді (БХК және ДЗО кешенді оқыту және «УК СЭЗ Химпарк Тараз» АҚ, «ХИМ-плюс» ЖШС, «Полимер Продакшн» ЖШС үшін үш жеке тренинг).

- «KPI Inc.» ЖШС қызметкерлері үшін жобалардың кестесін басқаруда Primavera қолдану бойынша 8 сағат көлемінде жеке тренинг өткізілді.

БХК жобаларын басқаруда жүйелі тұрғыларды күшейту, ең озық әлемдік және салалық тәжірибені ендіру, осы салада қызметті регламентациялау үшін жобаларды басқаруда Корпоративті стандарт жобасы әзірленді (ЖБКС). ЖБКС әзірлеуде PMI және IPMA кәсіби қоғамдастықтардың ұсыныстары, AirAstana -да ұқсас мақсаттарды шешу тәжірибелері ескерілді. 2013 жылдың желтоқсанында ЖБКС негізгі ережелері «Самрұқ-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Ник Маллоунға тұсау кесері жасалды.

БХК қоршаған ортаға қауіп келтіретін зиянды шығарындыларды төмендетуге бағытталған әрекеттерге маңызды басымдылық береді. БХК қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаумен өзінің қызметін жүзеге асыруға ниетті және БХК еншілес және тәуелді ұйымдарында қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық басқару стандарттарын ендіруге ықпал етеді.

2013 жылы «СП СКЗ Казатомпром» ЖШС, «KPI Inc.» ЖШС-гі уақытылы қоршаған ортаны қорғау органдарынан Қоршаған орта эмиссияна рұқсаттар алды. ДЗО-мен қатты тұрмыстық қалдықтардың, шығарындылар мен тастандылардың келісілген нормативтерінен асуға жол берілмеді.

2013 жыл аралығында Атырау облысы бойынша Экология Департаментімен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарын сақтау мәселесі бойынша БХК және ДЗО-да тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекс талаптары бұзылғаны белгіленбеді, айыппұлдар салынбады және шағымдар болмады.

2014 жылға ДЗО-мен белгіленген тәртіпте Қоршаған орта эмиссияна рұқсаттар алынды.

Әрбір қызметкер өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша, соның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан, ақпарат алады.

Сондай-ақ БХК-да қызметкерлердің еңбегін қорғау және қауіпсіздігі бойынша шаралар қабылданды және жағдайлар жасалды. Қызметкерлермен еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөнінде нұсқамалар, сондай-ақ қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөнінде білімін тексеру уақытылы жүргізіледі.

2013 жылы БХК-да өндірісте талайсыз жағдайлар тіркелмеген.

ЕНШІЛЕС
ҰЙЫМДАР
  • TOO "Karabatan Utility Solutions"
  • ТОО «KLPE» (КейЭлПиИ)
  • ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc."
  • Polymer Production
  • ТОО «СП СКЗ КАЗАТОМПРОМ»!
  •  «ХИМ-плюс»
  • ТОО «СЭЗ. Химический парк Тараз»