Халықаралық ынтымақтастық

«Самрұқ-Қазына» АҚ-ның «Біріккен химиялық компания» ЖШС-гі Химиялық өнеркәсіптің Еуропалық кеңесінің ассоцияланған компания мәртебесін алды.

2011 жылдың 30 қыркүйегінде Химиялық өнеркәсіптің Еуропалық кеңесінің Бас Ассамблеясында (Cefic) Cefic ассоцияланған компания мәртебесін алуға «Біріккен химиялық компания» ЖШС-гінің («Самрұқ-Қазына» АҚ-ның еншілес компаниясы) өтінішіне қатысты оң шешім қабылданған болатын. Осы Кеңес 1,2 млн. қызметкер жұмыс жасайтын және жылына 450 млрд. еуродан астам сомаға әлемнің химиялық өнеркәсібінің үштен бір бөлігін шығаратын Еуропа елінің 29000 астам химиялық компанияларының мүдделерін ұсынады.

«Біріккен химиялық компания» ЖШС-гінің Cefic ассоцияланған компания мәртебесін алуы химиялық өнеркәсіп дамуының қазіргі тенденциялары туралы, ақпаратқа, химиялық өндірістің тұрақты дамуын ынталандыру бойынша шетел елдер тәжірибесіне, химиялық өнімдерді қауіпсіз өндіру және пайдалану стандарттарына, статистикалық және талдау материалдарына қол жеткізеді, сондай-ақ Еуропаның химиялық компанияларымен ынтымақтастықты жөнге салуға ықпал ететін болады.

Бұл ретте «Біріккен химиялық компания» ЖШС-гі Cefic жұмыс отырыстарында компания үшін ең өзекті мәселелер бойынша Еуропалық химиялық өнеркәсіпте соңғы тенденцияларына, соның ішінде REACH регламентінен, «Responsible Care — Отандық қамқорлық" бағдарламасынан және басқасынан хабардар болуына мүмкіндік береді.

БХК- Cefic ынтымақтастығы аясында Серіктестікті Кеңес жұмысына жұмылдыруға және Еуропа мен Қазақстан химиялық компаниялары арасында іскерлік байланысты жөнге салу бойынша біріккен әрекеттер жоспарын әзірлеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарын өткізу жоспарланады.

ЕНШІЛЕС
ҰЙЫМДАР
  • TOO "Karabatan Utility Solutions"
  • ТОО «KLPE» (КейЭлПиИ)
  • ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc."
  • Polymer Production
  • ТОО «СП СКЗ КАЗАТОМПРОМ»!
  •  «ХИМ-плюс»
  • ТОО «СЭЗ. Химический парк Тараз»