Негізгі көрсеткіштер

БХК-ның 2013 жылдағы негізгі оқиғалары:

- Ақпанда БХК және «БХК Инжиниринг» ЖШС арасында «Тараз химиялық паркі» АЭА құруды» дамытудың Мастер-жоспарын әзірлеу мақсатында Jurong компаниясын тарту үшін шарт жасалды;

- Ақпанда «Глифостат (гербицид) өндірісі», «Каустикалық сода және хлор өндірісі» және «Үшхлорлы фосфор өндірісі» жобасы бойынша заңды консультант айқындалды және Morgan Lewis компаниясымен шартқа қол қойылды;

- Ақпанда «Жамбыл облысындағы Химиялық парк» арнайы экономикалық аймағын құру» жобасын іске асыру аясындағы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма шешіміне сәйкес БХК «Тараз химиялық паркі» АЭА БК» АҚ-ны құрды;

- Наурызда «Глифостат (гербицид) өндірісі», «Каустикалық сода және хлор өндірісі» және «Үшхлорлы фосфор өндірісі» жобасы бойынша «БХК Инжиниринг» ЖШС компаниясымен 0 Кезеңде жобаны басқару жөніндегі консультациялық қызметтерді көрсету шартына қол қойылды;

- Наурызда 2012-2022 жылдарға арналған БХК-ның даму стратегиясы оны 2012-2022 жылдарға арналған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның даму стратегиясына сәйкес келтіру мақсатында жаңа редакцияда бекітілді;

- Наурызда жұмысты жүйеге келтіру, органикалық және бейорганикалық және арнайы химия салаларының қызмет аясын нақты ажырату мақсатында БХК-ның штат саны 88 адам болатын жаңа ұйымдық құрылымы бекітілді;

- Сәуірде «Глифостат (гербицид) өндірісі», «Каустикалық сода және хлор өндірісі» және «Үшхлорлы фосфор өндірісі» жобасы бойынша «Қарағанды өндірісқұрылысжоба институты» ЖШС-мен жобалық-ізденіс жұмыстарын орындауға және жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге шарт жасалды;

- Маусымда «Тараз химиялық паркі» экономикалық аймағын құру» жобасының ТЭН-іне «Мемсараптама» РМК қорытындысы алынды;

- Шілдеде Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстан Республикасына сапары барысында «KLPE (КейЭлПиИ)» ЖШС-ның жобасын 600 ден 800 млн.долларға дейінгі сомаға қаржыландыру мүмкіндігін қарау ниеті жөніндегі UKexport finance-пен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды;

- Тамызда кадрлармен қамтамасыз ету міндеттеріне қол жеткізу мақсатында «Фосфоритті концентрат шығару үшін суспензиялық-флотациялық фабрикасын реконструкциялау» және «Тараз қ. Күкірт қышқылының өндірісі бойынша зауыт құрылысы» инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған БХК-ның жобалық компаниясы болған «ХимФос» ЖШС-ның ребрендигі жолымен «Самұрық» құзыреттер орталығы» ЖШС құрылды;

- Қыркүйекте «Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы, Екінші фаза» (полиэтилен) жобасы бойынша Petrofac-GS-Linde консорциумымен ЕРС келісім-шартына қол қойды, ЖСҚ аяқтау 2014 жылғы қазанға жоспарланып отыр;

- Қазанда БХК оқу орталықтарын құру бағдарламасы бекітілді;

- Қазанда ең аз жарғылық капиталмен БХК (15%), «Алтыналмас» АК» АҚ (51%) және Falah Investment B.V. (34%) арасында «KGR» ЖШС құрылды;

- Желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы тау-кен-металлургиялық сала, геология, қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес отырысында «Калий сульфатының өндірісі» жобасы бойынша «Жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну туралы» мәселе қарастырылды;

- Желтоқсанда БХК және «Kazkaliy Ltd.» арасында «Калий сульфатының өндірісі» жобасы бойынша ниет білдіру туралы хаттама жасалды;

- Желтоқсанда Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Калий сульфатының өндірісі» жобасы республикалық индустриаландыру картасына қосылды;

- Желтоқсанда «KPI Inc.» ЖШС қатысушыларының құрамына «АЛМЭКС Плюс» АҚ компаниясы кірді;

- Желтоқсанда «Тараз химиялық паркі» АЭА БК» АҚ жобасы бойынша кешенді жұмыстар (ЖСҚ, ҚМЖ) жүргізуге «КАТЭК» ЖШС бастаған консорциуммен шарт жасалды.

ЕНШІЛЕС
ҰЙЫМДАР
  • TOO "Karabatan Utility Solutions"
  • ТОО «KLPE» (КейЭлПиИ)
  • ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc."
  • Polymer Production
  • ТОО «СП СКЗ КАЗАТОМПРОМ»!
  •  «ХИМ-плюс»
  • ТОО «СЭЗ. Химический парк Тараз»