Компаниядағы қызмет


Қызметкерлер – негізгі құндылық.

«Біріккен химиялық компания» ЖШС өзінің әлеуетін ашу және өз қызметкерлерінің қызметтік өсуі үшін кең мүмкіндіктер ұсынады. Біздің ұжым —– елдің химимя өнеркәсібінің дамуына жәрдемдесу болып табылатын компанияның стратегиялық мақсатын іске асыратын кәсіпқойлар командасы.

Персоналдың жемісті жұмыс істеу, даму, жаңаны үйрену дайындығы және қабілеті — «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның ұзақ мерзімді табысының кепілі. Сондықтан компания ұжымның кәсіби деңгейін арттыруға айтарлықтай көңіл бөледі. БХК тәжірибелі кәсіпқойлар мен жоғарғы оқу орындарының түлектеріне өзін өзі жетілдіруге және жемісті еңбек етуге ең жақсы жағдайлар ұсынуға дайын. Біз Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтасып отырмыз, сонымен бірге мамандарды дайындау үшін Атырау және Тараз қалаларында халықаралық стандарттар деңгейінде техникалық жабдықталған өндірістік персоналды қайта дайындау және біліктілігін арттыру бойынша қазіргі заманғы оқу орталықтарын құру жоспарланып отыр.

«Біріккен химиялық компания» ЖШС өз қызметкерлерін бағалайды! Сондықтан өз қызметінде «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС әлеуметтік және кадрлық саясат мәселелерінде жоғары халықаралық стандарттарды ұстанады. Біз қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлеміз.

Қызметкерлерді жинау тұрақты конкурстық негізде жүзеге асырылады. Сіз бізге Өз Түйіндемеңізді жібере аласыз, ол үшін Компанияның Персоналды басқару департаментіне жіберілетін және біздің мамандармен қаралатын арнайы сауалнаманың барлық жолдарын толтыру қажет.

Қызығушылық танытқан жағдайда, кандидаттарды әңгімелесуге шақырамыз.

Түйіндемені мынадай электрондық мекен-жайларға жіберіңіз:

info@ucc.com.kz — Персоналды басқару;
nurmukhambetova@ucc.com.kz — Кеңсе


Бос орындар


ЕНШІЛЕС
ҰЙЫМДАР
  • TOO "Karabatan Utility Solutions"
  • ТОО «KLPE» (КейЭлПиИ)
  • ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc."
  • Polymer Production
  • ТОО «СП СКЗ КАЗАТОМПРОМ»!
  •  «ХИМ-плюс»
  • ТОО «СЭЗ. Химический парк Тараз»