Біз туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 13 қазандағы кеңейтілген отырысында берген «химия саласындағы жобалармен айналысатын арнайы компанияны құру» бойынша тапсырмасын орындау үшін 2008 жылғы 28 қарашадағы «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат Қоры» АҚ -ның директорлар кеңесінің шешімімен 2009 жылы «Біріккен химиялық компания» ЖШС құрылды.

Қазақстан үкіметінің бастамасы командаға үлкен жауапкершілік жүктеді. Команда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» компанияларының құрамына кірді.

ДАҒДАРЫСТАН МҮМКІНДІКТЕРГЕ

Қазақстанның химия өнеркәсібі 20 жыл ішінде жұмыс көлемдерінің қысқаруынан толығымен тоқырауына дейінгі түрлі өзгерістерге ұшырады, және компанияны құру кезіндегі негізгі мақсат саланы тұтастай қайта дамыту болды.

Жұмыс үшін 2010–2014 жылдарға арналған химия өнеркәсібінің басым бағыттарын дамытудың мастер-жоспары әзірленді.

Нәтижесінде:

  • химия өнімінің 20-дан астам жаңа түрін өндіретін жұмыс істеп тұрған отандық химия кәсіпорындарын және ұйымдарын жаңғырту бойынша шаралар қабылданды.
  • қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған, жоғары технологиялық және инновациялық өнімді шығаруға бағытталған химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті өндірісін дамыту.
  • бұдан бұрын Қазақстанда өндірілмеген өнімдерді — натрий цианидін, калий сульфатын, кальцийлендірілген соданы, полипропиленді және пропиленоксидті, полиэтиленді, поливинилхлоридті, терефтал қышқылын, бетон суперпластификаторын, май қоспаларын, флотореагенттерді және басқа өнімдерді шығаруға арналған жобаларды ретке келтіру.

Бүгінгі күні «Біріккен химиялық компания» ЖШС 11 инвестициялық жобаларды іске асырады. Олардың арасында бар және жаңғыртылып жатқан өндірістер-де, сондай-ақ елдің химия өнеркәсібін дамытудағы негізгі болатын Қазақстан үшін мүлдем жаңа кәсіпорындар бар.

Біз инфрақұрылымды құру және «зәкірлік» химия өндірісін іске қосу арқылы шағын және орта бизнеске біздің және АЭА-да жұмыс істейтін басқа компаниялардың өнімдерін өңдеу бойынша көптеген өзара байланысты немесе сабақтас химия өнеркәсіптерін ұйымдастыра алуына жағдай жасаймыз. Алтын өндіру саласын, ауыл шаруашылығын және т.б. қоса алғанда, экономиканың 7 астам саласы үшін өнім жасап шығарылатын болады.

Біздің компания -Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның химия саласы бөлігіндегі негізгі оператор.

АДАМДАРҒА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚПЕН, ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН

Біз қазіргі таңда сенімді негіз құрып, Қазақстанды халықаралық химия нарығында ең жақсы перспективалармен қамтамасыз ететінімізге және жетістіктерге жақын келтіретінімізге сенеміз.

Компанияда саланың ең жақсы мамандары және өз ісінің шеберлері еңбек етуде. Жобаға кәсібін сүйетін және ең батыл идеяларды жүзеге асыруға қабілетті кәсіпқойлар шақырылды.

Қазіргі таңда компаниялар тобында табысты еңбек ету үшін барлық жағдайлар жасалған, біз өз қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі және қорғалуы туралы, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау туралы ойластырдық.

Ресурстарды жауапты бөлу біздің компания, біздің персонал және әріптестеріміз үшін өмірлік маңызды. Біздің өндірістік объектілеріміз орналасқан аумақтарда флора мен фаунаға зиян келтірмейтін тиімді және ұтымды технологияларды енгізуде жұмысты тоқтатпаймыз.

ЕНШІЛЕС
ҰЙЫМДАР
  • TOO "Karabatan Utility Solutions"
  • ТОО «KLPE» (КейЭлПиИ)
  • ТОО "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc."
  • Polymer Production
  • ТОО «СП СКЗ КАЗАТОМПРОМ»!
  •  «ХИМ-плюс»
  • ТОО «СЭЗ. Химический парк Тараз»